Елімізде магистралдық желілерді модернизациялау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр

Жаңалықтар
21.11.2023, 13:43
Оқуға 3 мин
Суретті түсірген Александр Жабчук

Бұл туралы ҚР Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың қатысуымен өткен Үкімет отырысы барысында көлік министрі Марат Қарабаев мәлім етті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Бүгінгі таңда магистралдық жолдардың жалпы ұзындығы 16 мың шақырымды құрайды. Үздіксіз тасымалдауды қамтамасыз ету және магистралдық теміржол желілерінің қуаттылығын арттыру үшін биыл ұзындығы 567 шақырым учаскелерде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Сонымен қатар 4 теміржол жобасының құрылысы бойынша жұмыстар жүзеге асырылып жатыр.

«Өздеріңіз білетіндей, өткен жылы Достық – Мойынты учаскесінде екінші жолдардың құрылысы басталды. Қазір аталған учаскеде құрылыс-монтаждау жұмыстары белсенді жүріп жатыр. Жер төсемін орнату жұмыстары 70 пайызға орындалды. Жобаны іске асыру учаскенің қуаттылығын 5 есе арттырады деп жоспарлап отырмыз», - деді Марат Қарабаев.

Айта кетерлігі, өткен аптада Алматы станциясын айналып өтетін теміржол желісінде құрылыс-монтаждау жұмыстары басталған болатын. Жылдың соңына дейін Дарбаза – Мақтаарал жобасының құрылысы басталатын болады. Ал Бақты – Аягөз жобасын инвестор қаражаты есебінен іске асыру жоспарланып отыр.

Министрің ақпаратына сәйкес, алдағы уақытта магистралдық теміржол желісін дамыту шеңберінде 5 мың шақырымға жуық екінші жол салу, 144 станцияда модернизациялау жұмыстарын жүргізіп, 40 жаңа пункт салу көзделіп отыр.

Жалпы екінші жолдардың құрылысы учаскелердің өткізу қабілетін 60 жұп пойызға дейін арттыруға мүмкіндік бермек.

Баяндама барысында Марат Кәрімжанұлы күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі – локомотивтердің техникалық жағдайына да тоқталып өтті. Қазіргі уақытта локомотив паркінің жалпы саны 1 880 бірлікті құрайды. Қажетті локомотивтер санын қамтамасыз ету және парктің тозу деңгейін төмендету мақсатында биыл 133 локомотив сатып алынған. Осы ретте аталған локомотивтер отандық локомотив және электровоз құрастыру зауыттарында жасап шығарылғанын айта кеткен орынды.

Жалпы 2025 жылға дейін 500-ден астам локомотив сатып алу жоспарда бар. Бұл жылжымалы құрам паркіндегі тапшылық мәселесінің оңтайлы шешіміне айналады деп күтілуде.

Баяндама барысында көлік саласына жауапты министр жолаушыларды тасымалдау мәселесіне де жеке тоқталып өтті. Қазіргі уақытта пойыздар өңірлер арасында 66 маршрут бойынша қатынайды. Аталған бағыттарда 13 тасымалдаушы қызмет көрсетеді. Жолаушылар вагондарының паркі 2600 бірлікке жуық. Тасымалдауға деген сұраныстың жоғары кездерінде шамамен

300 бірлік вагонға деген тапшылық байқалады екен.

«Жолаушыларды тасымалдауға қолайлы жағдай жасау мақсатында жаңа заманауи жолаушылар вагондарын сатып алу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осы жылы 162 жаңа вагон сатып алынды. Оның ішінде, 76 вагон пайдалануға берілді, 24 вагон жылдың соңына дейін берілетін болады. Ал келесі жылдың бірінші жартыжылдығында қалған 62 вагон жеткізіледі», - деп атап өтті ведомство басшысы.

Жалпы 2029 жылға дейін отандық зауыттардан 844 бірлік жолаушылар вагонын сатып алу жоспарланып отыр.

 

Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды