ҚТЖ мен Ресей темір жолдары ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Жаңалықтар
24.11.2023, 13:32
Оқуға 2 мин

Шымкент қаласында «ҚТЖ» ҰК» АҚ және «РЖД» ААҚ стратегиялық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен жұмыс тобының XIII отырысы өтті. 

Тараптар делегацияларын: «ҚТЖ» ҰК» АҚ-дан – Басқарма төрағасының орынбасары Қанат Әлмағамбетов, «РЖД» ААҚ-дан – Бас директордың бірінші орынбасары Сергей Павлов басқарды.   

Кездесуде қосымша жүк ағындарын тарту, жүктерді қағазсыз технология бойынша тасымалдау, тікелей халықаралық теміржол-су қатынасын дамыту, локомотивтер мен локомотив бригадаларына паритеттік қызмет көрсету және т.б. мәселелер қаралды. 

2023 жылға арналған ҚТЖ мен Ресей темір жолдары арасындағы стратегиялық ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары орындалғаны атап өтілді. Сондай-ақ, Қағазсыз технология бойынша жүктерді және вагондарды тасымалдауға көшуді жандандыру бойынша жол картасының ұйымдастырушылық, техникалық және технологиялық іс-шаралары іске асырылды.  ҚТЖ бастамасы бойынша Қызыл Ту – Граничная – Русская Поляна теміржол учаскесін қалпына келтіру және Бақты-Аягөз теміржол желісін салу мәселесі талқыланды.

Отырыс қорытындысы бойынша стратегиялық ынтымақтастық бойынша, атап айтқанда, 2024-2030 жылдарға арналған тасымалдау көлемінің болжамын қалыптастыру бойынша, оның ішінде «Солтүстік – Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізінің шығыс бағыты және мемлекетаралық түйісу пункттерінің жұмысын жетілдіру бойынша басым бағыттар мен іс-шаралар айқындалды.

Қазақстан мен Ресейдің т / ж әкімшіліктері халықаралық жүк теміржол қатынасында қағазсыз технология бойынша тасымалдау көлемін ұлғайту жөніндегі жұмысты жалғастырады. 

Тараптар жаңа технологиялар мен жол машиналарын қолдана отырып, технологиялық процестерді цифрландыру бойынша жолды күрделі және ағымдағы жөндеу кезінде технологиялық «толаскездерді» ұйымдастыру мен жүргізуде тәжірибе алмасуға уағдаласты.

Стратегиялық ынтымақтастық жөніндегі жұмыс тобының келесі отырысы 2024 жылы Ресей Федерациясында өтеді.

Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды