Салалық жоғары оқу орындары мен колледж оқытушылары ҚТЖ-да біліктіліктерін арттырды

Жаңалықтар
27.11.2023, 12:32

Орта кәсіптік және жоғары оқу орындары оқытушылары үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Теміржол көлігі персоналын бағалау және дамыту орталығы» филиалында біліктілікті арттыру курстары аяқталды.

ҚТЖ-да өз біліктілігін Астана, Павлодар, Алматы, Ақтөбе қалаларының 11 бейінді оқу орындарынан 38 оқытушы арттырды. Оқыту теміржол көлігінде қолданылатын инновациялық және заманауи технологияларға арналды. Тыңдаушылар орталықтың заманауи оқу жабдықтарымен танысты. Орталықтың өндірістік оқыту шеберлері өздерінің теориялық және практикалық білімдерімен бөлісті. ҚТЖ ішкі жаттықтырушылары жеке-іскерлік құзыреттілікті дамыту тренингтерін өткізді.

Алматы теміржол көлігі колледжінің оқытушылары атап өткендей, курс пайдалы әрі қызықты болды.

«Теміржолдағы тәжірибелі оқытушылар өзекті, «жанды» кеңестерімен бөлісті. Мұндай оқыту курстары үлкен нәтиже береді, өйткені темір жол жетілдіріліп, жабдықтар жаңартылып отырылады,  сондықтан да педагогтар заманымен қадам басуы маңызды», - дейді оқытушылар.

Оқыту Нұр-жол заманауи вокзал кешеніне, ҚТЖ орталық мұражайына және Тасымалдауды басқарудың өңірлік орталығына барумен аяқталды. Оқу орындарымен әріптестік және салалық жоғары оқу орындары мен колледждердің оқытушыларымен жүйелі жұмыс-саланы кәсіби кадрлармен қамтамасыз етудің негізгі құралдары.

 

 

Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды