Астанадан жеткен фотоальбом

Жаңалықтар
11.12.2023, 14:39
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбедегі теміржол мұражайына Астанадан жаңа фотоальбом келді. Өткен жылы аталып өткен «ҚАЗКӨЛІККӘСІП» ҚБ-нің 30 жылдығына орай  жарық көрген «Біздің күшіміз бірлікте» атты жинақта салалық кәсіподақтың жүз жылдық тарихы көрініс тапқан.    

Көлемді фотоальбомда теміржолда алғашқы кәсіподақ ұйымдарының пайда болуынан бастап, оның құрылып-қалыптасып, нығаю жолдары, теміржолшылар өміріндегі маңызы мен ролі, жетістігі жайлы көптеген мәліметтер бар. Қазақ жеріне келген алғашқы теміржол желілері, ескі вокзалдар мен Орынбордағы басты теміржол шеберханасының ХХ ғасырдағы көрінісін де осы фотоальбомнан табасыз. Сонымен қатар паровоз машинистері, олардың көмекшілері мен отжағушылар, темір ұсталары, балға соғушылар, слесарлар, кондукторлық құрам, бағыттамашылар, пойыз құрастырушылар, жолшылар мен өткел күзетшілері, жол және көпір шеберлері, инженерлік-техникалық персонал туралы қызықты деректерді кездестіруге болады. «1906 жылы теміржолшылардың орташа жалақысы айына 37,9 рубльге жетті. Ол кезде сиыр еті 40 тиын болған...» деген мәліметтер келтірілген. ХХ ғасырдағы теміржолшылардың формасы да назар аударарлық.    

«Бір ғасыр бұрын да теміржол саласында кәсіподақ ұйымдары белсенді жұмыс істегенін көруге болады. Кәсіподақтардың талап етуімен теміржолдағы ауыр еңбек жағдайына өзгерістер енгізіліп, теміржолшылар түрлі жеңілдіктерге ие болған», – деді мұражай қызметкері Анар Жұбаева.  

«КАЗКӨЛІККӘСІП» ҚБ-нің құрылуымен сала кәсіподағы қанатын кеңге жайып, бұрынғыдан да қуатты күшке айналды. Көлік саласында кәсіподақтың нығаюы мен дамуы туралы мәліметтер жинақта түрлі құжаттар және фотосуреттермен берілген. Әр өңірдегі жұмыстарды ұйымдастырған кәсіподақтың алғашқы басшылары, кәсіподақ ұйымдарымен қолға алынған жұмыстар, қол жеткен жетістіктер кезең-кезеңімен көрініс тапқан.    

Мұражай қызметкері кәсіподақ өмірінің жылнамасы сынды фотоальбомның көпшілік үшін қызықты да құнды дүниеге айналарына сенімді.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды