Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы 12 желтоқсанда "Алтын сапа" және "Парыз" сыйлықтарының иегерлерін марапаттау рәсімінде сөйлеген сөзінде ел экономикасының күретамыры не екенін айтты, деп хабарлайды Rail-news.kz сайты Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы "Қазақстан Еуразия құрлығының дәл ортасында орналасқанын" атап өтті.

"Батыстан Шығысқа баратын негізгі жолдар біздің еліміз арқылы өтеді. Осы мүмкіндікті тиімді пайдалану керек. Сапалы жол дегеніміз – ел экономикасының күретамыры. Біз авто және темір жол желілерін тұрақты дамытып келеміз. Биыл 850 шақырымнан астам жол салдық", – деді мемлекет басшысы.

Оның айтуынша, алдағы үш жылда 1300 шақырым темір жол іске қосылады.