ҚТЖ-да корпоративтік олимпиада өтті

Жаңалықтар
25.12.2023, 12:02
Суретті түсірген Сара Сахынбек
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

ҚТЖ-да 2019 жылы Қауіпсіздік және еңбек қорғау мамандары арасында өткізілген корпоративтік олимпиада биыл екінші рет ұйымдастырылды. Оған өңірлердегі 13 мекемеден мамандар қатысып, білім-білігін сынады.  

Олимпиада мақсаты – осы саладағы мамандардың беделін арттыру, қауіпсіздік және еңбек қорғау бағытындағы қызметті жетілдіру. Сонымен қатар саладағы мамандар бойында шығармашылық белсенділікті, кәсіби шеберлікті, өнертапқыштық қасиеттерді дамыту, озық жұмыс тәсілдері мен формаларын кеңінен насихаттау, осындай мамандарды ынталандыру мақсат етіледі.  

Білім сайысы үш турдан тұрды. Бірінші турда қатысушылар денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін сақтау саласындағы нормативтік құжаттар бойынша білімін тестік тапсырмалар арқылы сынады. Екінші кезеңінде ситуациялық тапсырмаларды орындау міндет болды. Олимпида қатысушылары командаларға бірдей бөлініп, әр команда бір ситуациялық тапсырманы орындады. 13 қатысушы 4 топқа бөлініп, ситуациялық тапсырманы қалай шешкенін бейнежазбаға түсіреді. Үшінші кезеңде қатысушыларға блиц-сауалнама беріледі. Әрбір қатысушы 3 сұрақ дайындап, басқаларға соны оқып беруі керек. Сонымен қатар қатысушылар өздері туралы, жетістіктері мен осы саланы жақсартуға бағытталған әдістері туралы эссе дайындады.  

Байқау нәтижесінде қатысушыларға жүлделі орындармен қатар 10 аталым бойынша марапаттар берілді. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі ҚТЖ бас ғимаратында компанияның бас инженері Батыр Котыревтің қатысуымен өтті. Жарыс қорытындысында Жамбыл ВЧД-27 мекемесінің өндірістік қауіпсіздік секторының бастығы Константин Кучанов білімі мен білігінің жоғары екенін көрсетіп бірінші орын алды.  

– Олимпиадаға қатысу үшін біз әуелі желілік деңгейде, сосын өңірлік, корпоративтік деңгейде бақ сынадық. Мемлекеттік және корпоративтік нормативтік құжаттар, актілер, стандарттар туралы білімімізді көрсеттік. Теміржолдағы еңбек өтілім – 22 жыл. Бүгінгі жүлделі орынның дипломы мен бағалы сыйлықтарға қоса «Адал еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталдым, сонымен қатар санаторияға жолдама берілді, оған қоса 40 АЕК көлемінде сыйақыға ие болдым, сала теміржолшыларын осылай қолдап жатқан компания басшылығына алғысымыз шексіз, – дейді ол.  

Олимпиаданың екінші орын жүлдесін Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесінің экология, өндірістік қауіпсіздік және еңбек қорғау, қауіпсіздік қызметінің бастығы Тілектес Құндыбаева иеленіп, салада 15 жылдан бері еңбек етіп келе жатқан маман «Адал еңбегі үшін» төсбелгісінің иегері атанды.    

Үшінші орынды иеленген «Вагонсервис» АҚ Қарағанды телімінің еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі инженері Сымбат Сүлейменова «Кәсібі бойынша үздік» төсбелгісін тағып, жыл бойына жалақысына 10 АЕК көлемінде сыйақы қосылатын болды. Өзге 10 қатысушыға «Олимпиаданың ең жас қатысушысы», «Жеңіске деген ерік жігері үшін», «Ең тез жауап бергені үшін», «Олимпиаданың ең тәжірибелі қатысушысы», «ТҚС және ДС ең креативті маманы», «Шешендік өнер шеберлігі үшін», «Олимпиаданың ең белсенді қатысушысы», «Бірінші турдағы белсенділігі үшін», «Екінші турдағы белсенділігі үшін», «Үшінші турдағы белсенділігі үшін» аталымдары бойынша марапаттар беріліп, барлығы компанияның басқарма төрағасының Құрмет грамотасына ие болды, сонымен қатар бағалы заттармен бірге 8 АЕК көлемінде сыйақы алды. Жарыстың өтуіне «Қазкөліккәсіп» ҚБ қолдау білдірді. Пандемияға байланысты тоқтап қалған олимпиада енді дәстүрлі түрде өткізілмек.

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті