Білім байқауы қорытындыланды

Жаңалықтар
26.12.2023, 10:09
Оқуға 3 мин
Суретті түсірген Сара САХЫНБЕК
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС ұйымдастыруымен «Станциялар мен локомотив пайдалану деполарының технологиялық процесімен байланысты автоматтандырылған басқару жүйелері мен ақпараттық жүйелерді пайдаланудың» ІІІ республикалық оқу-семинары өтті. Екі күндік іс-шараға өңірлік байқауларда топ жарған алты команда қатысты.

Семинар-тренингтің мақсаты – автоматтандырылған басқару жүйелері мен ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуі бойынша практикалық және теориялық сабақтармен «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-нің өңірлік филиалдарында жұмыс істейтін қызметкерлермен бөлісу, олардың жұмыс барысындағы білім-біліктіліктерін одан әрі шыңдау болмақ. Шараның ашылу салтанатында «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС бас директорының корпоративтік мәселелер жөніндегі орынбасары Владимир Бабиченко мен Жүйелік жобалар департаментінің директоры Н.Өтенов бейнеролик арқылы семинарға қатысушыларға сәлем жолдап, тілектерін жеткізді. Әрі қарай Тасымалдау процесінің технологиялық жүйелері департаментінің директоры Ирина Савушкина сөз алып, қозғалыс шаруашылығы бойынша енгізіліп жатқан жаңа жүйелермен таныстырды.

– «ҚТЖ» ҰК» АҚ бойынша енгізіліп жатқан жүйелердің бірі – автоматтандырылған пойыздар қозғалысы кестесін енгізу. Қазір бұл пилоттық жобаға Қарағанды, Ақмола, Павлодар бөлімшелері қосылған. Біз оны әрі қарай барлық бөлімшелерге көшіретін боламыз. Бұл тек пойыз диспетчерлеріне ғана емес, барлық станцияларға да енгізілетін болады. Яғни Қырқыншы, Ерейментау учаскелерінде жасап көргендей, күнделікті жоспардан бас тартуымыз әбден мүмкін. Алдымызға қойып отырған келесі бір міндет, пойыздардың келгенін, жөнелтілгенін бірден диспетчерлік орталыққа құрылғылар көмегімен жеткізу. Бұл «қанатқақты» жоба қазір Ақтөбеде өтіп жатыр, сосын Қызылордаға көшірілмек, кейін Қазақстан бойынша тираждауды көздеп отырмыз. Бәріңізге белгілі жайт, тастанды пойыздар мәселесіне қатысты Компания басшылығы желінің жүктемесін есепке ала отырып, жүк тасымалын жоспарлау міндетін қойып отыр. Бұл – біздің алдағы жылға алға қойып отырған басты міндеттеріміздің бірі, – деді Ирина Юрьевна. 

Үшінші жыл қатарынан өткізіліп отырған республикалық семинарға өңірлік семинар-тренингтен топ жарған 6 командадан 60 адам қатысты. Олар – көкшетаулық «Синегорье», қарағандылық «Сарыарқа», тараздық «Модуль-8К», шымкенттік «Кибер рельс», семейлік «Восточный экспресс», маңғыстаулық «Каспий көшбасшылары» командалары. Бірінші күні командалар «Блиц», «Өз ойынымыз», «Түсін мені», «І-Сөйле», «Үй тапсырмасы», «Хронологиялық тізбек», «Үнсіз телефон», «Ребус» сынды іскерлік ойындар мен кезеңдерден өтіп, семинар-тренинг тақырыбымен байланысты білім-біліктіліктерін ортаға салса, екінші күні «Қарақшылар алтыны» квестінде түрлі костюмдер киіп, өнерлерін ортаға салды. 

«Екі күндік семинар-трениг өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Көп нәрсе білдік, үйрендік. Тәжірибе алмастық, миымызды қозғалттық. Кейбір тапсырмалар ойын түрінде өтті. Бірақ семинар-тренинг тақырыбынан ауытқымадық. «Қарақшылар алтыны» квесті тіпті қызықты өтті. Квест кезінде әртүрлі ақпараттық жүйелер бойынша алты тапсырма берілді. Осындай мағыналы әрі тамаша іс-шараны ұйымдастырған «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС басшылығына, Тасымалдау процесінің технологиялық жүйелері департаменті ұжымына зор алғысымызды білдіреміз», – деп бірауыздан ризашылық білдірді қатысушылар. 

Екі күндік іс-шара қорытындысы бойынша жеңімпаз командаларды «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС бас директорының корпоративтік мәселелер жөніндегі орынбасары Владимир Бабиченко марапаттап, дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыстады. Бірдей ұпай жинаған көкшетаулық «Синегорье» мен маңғыстаулық «Каспий көшбасшылары» командалары бірінші орын мінберінен көрінсе, екінші орынды шымкенттік «Кибер рельс» командасы еншілеп, үшінші орын қарағандылық «Сарыарқа» командасына бұйырды. Айтпақшы, семинардың ауыспалы символы «Ара» – «Синегорье» командасына табыс етілді. Осылайша өңірлерде басталған білім байқауы жыл соңында сәтті қорытындыланды. 

Семинар-тренигке қатысушылар «ҚТЖ» ҰК» АҚ әкімшілігі ғимаратындағы теміржолшылар музейін аралап, тарихи жәдігерлермен танысты және «Қысқы бақты» тамашалады. 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды