Қауіп... қараусыз малдан
Өткен төрт ай ішінде Сексеуіл жол дистанциясына қарасты телім бойында машинистері 25 мәрте жедел тежегіш басуға мәжбүр болған. Оның бәріне
қараусыз малдың жол үстіне шығып кетуі себеп болған.
Дистанция жолшыларының жергілікті тұрғындармен теміржолдың қауіп-қатері жайлы түсіндіру мақсатында өткізген рейд, тексеру, бақылау, жұмыстарынан нәтижелі шықпай отыр.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығының шешімімен №59 Сексеуіл жол дистанциясы филиалы өткен жылы бөлімшенің солтүстігіндегі Сексеуіл – Қоскөл жаңа телімі пайдалануға берілуіне байланысты жаңадан ашылды. Дистанцияны осы телімнің салынуына бір кісідей еңбегі сіңген Құрметті теміржолшы Мәжит Құрманбаев басқарып отыр. Телім пайдалануға берілген уақыттан бері «Қызылорда – Жезказған» жолаушылар пойызы, «Сексеуіл – Қоскөл – Жезқазған» қала маңы пойыздары телім бойында 70 шақырым сағат жылдамдықпен жүріп екі облыс арасын жалғаса, жүк пойыздары 60шақырым сағат жылдамдықпен жүруде. Бұл дегеніміз телімдегі пойыздардың қауіпсіздігін, бір қалыпты жүрісін ұдайы бақылап, қырағылықты күшейтуді қажет етеді. Бірақ, жоғарыда сөз болғандай, қараусыз жайылған жекеменшіктің малдары теміржолға шығып кетіп, жолаушы мен жүк пойыздардың жүріс қозғалысын тоқтатуына және пойыздардың жолдан шығып кетуіне айтарлықтай қауіп төндіруде.
–Дистанция ұжымы өз тарапымыздан жылжымалы құрамдардың қозғалыс қауіпсіздігінің сақталуына қауіп төндіретін жағдайлардың алдын алу мақсатында жергілікті тұрғындарды мал жаю ережелерімен таныстырып, қадағалаусыз малдардың жолға шығуын болдырмау үшін жол қараушылардың жұмысын күшейттік. Бірақ, осыған қарамастан Сексеуіл, Шижаға, Абай елдімекен тұрғындарының, жеке қожалықтардың малдары, түйе, сиыр, жылқысы бар, жаз басталысымен темір жол бойын жағалап жайылып жүреді. Өкінішке орай, тұрғындармен теміржол маңында мал жаю ережелерімен түсіндіру, айыппұл салуды ескерту рейдтері әсер етпеуде, – дейді Сексеуіл жол дистанциясының инженері Б. Төлегенов.
Осындай келеңсіздіктердің салдарынан жалпы қозғалыс ырғағы бекітілген кесте бұзылып, тасымалданатын жүк және жолаушылар пойызы баратын жеріне уақытында бара алмауда. Жол күтімімен қатар жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау жолында тер төгіп жатқан жолшыларға Сексеуіл және Қарағанды локомотив пайдалану деполарынан жолдағы малға байланысты шұғыл тежегіш беріп, тоқтағандары жөнінде жеделхаттар келуі жиілеген. Тепловоз машинистерінің жедел тежегіш басу жағдайларын азайту мақсатында және жергілікті тұрғындарға түсіндіру мақсатында дистанция ұжымы жыл басынан бері 8 мәрте рейд ұйымдастырып 812 тұрғынмен, білім ошағында 757 оқушымен және 801 жүргізушімен түсіндіру жұмысын өткізген. Темір жол өткелдерінде ай сайын екі рет рейд ұйымдастырылуда.
Пойыздың малды басып кетуінен немесе жолдан шығып кетуі салдарының материалдық шығыны, локомотивтер мен вагондар зақымданса, жол үстіндегі құрамның жүрісіне кедергі келтіргені үшін тұрғындарға ҚР «Әкімшіліктік құқық бұзушылық» туралы Кодексінің 559-бабы 1-тармағына сәйкес 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынатыны арнайы жүргізілетін рейд барысында егжей-тегжейлі түсіндірілуде. Алайда тұрғындар тарапынан өз малына иелік жасау әрекеттерінен еш нәтиже жоқ көрінеді.
Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Сексеуіл
Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды