2023 жылы теңіз кемелеріне 231 тексеру жүргізілді

Жаңалықтар
05.01.2024, 10:27

Бақылау мен қадағалауды жүргізу тиімділігін арттыру мақсатында Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті 2023 жылға арналған флоттағы апаттылықтың алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспарын өткізді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Көлік министрлігінің мәліметінше, бұл жоспар су көлігіндегі қызметтің барлық негізгі бағыттарын қамтитын шаралар кешенін қамтиды. Атап айтқанда, кемелерді тексеру, кеме қатынасы су жолдарын тексеру, заңнама талаптарын бұзушылықтардың алдын алу бойынша сала субъектілерімен профилактикалық жұмыс, қызметтік флотты пайдалану.

Аталған іс-шаралар жоспарын іске асыру үшін Ақтау, Құрық және Баутино теңіз порттарында Комитеттің аумақтық органы – Қазақстан Республикасы порттарының теңіз әкімшілігі теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында теңіз кемелеріне 231 тексеру жүргізді, оның ішінде Қазақстан туының астында жүзетін кемелерде 94 тексеру және шет мемлекеттердің туының астында 137 тексеру жүргізілді. Тексеру нәтижелері бойынша қауіпсіздік талаптарын бұзушылықтарды жою бойынша 19 ұйғарым берілді.

Кеме қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында көліктік бақылаудың аумақтық инспекциялары өзен кемелеріне 469 тексеру жүргізді, соның нәтижесінде 47 нұсқама берілді.

Елімізде кеме қатынасы су жолдарының ұзындығы 2104 шақырымды құрайды. 2023 жылғы навигацияға көліктік бақылау инспекциялары навигациялық белгілердің бар-жоғын және кеме жүрісінің кепілді тереңдігін тексеру мақсатында 5527 км кеме қатынасы су жолдарын қарады.

Шағын көлемді флоттың қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету үшін Комитеттің аумақтық органдары шағын көлемді кемелер бойынша 3933 тексеру жүргізді.

Су көлігіндегі бақылау-қадағалау қызметінің қорытындысы бойынша 2023 жылы 944 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, 10 млн 336 мың теңге сомасына айыппұл салынды.

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті