Ережелерді елемей отыр
Жаңалықтар
10.06.2016, 11:26
Ірілендірілген Жамбыл жол дистанциясы жалпы ұзындығы 684,2 км жол теліміне қызмет көрсетіп отыр. Бүгінгі күні жолшыларды толғандырып отырған ең өткір мәселе – қозғалыс қауіпсіздігі.
Бір жағы Жамбыл – Луговой – Шу, келесі жағы Жамбыл – Қаратау – Жаңатасқа созылған жол бойында жаяу жүргіншілер мен көлік жүргізушілердің белгілі ережелерге бағынбай тайраңдауының соңы, өкінішке орай, талай өкінішті оқиғаларға алып келуде.
– Ағымдағы жылдың өткен үш айында қозғалыс қауіпсіздігіне нұқсан келтірген үш жағдай тіркелді. 30 қаңтар күні Үшбұлақ – Талас телімінің 3526 шақырымында 72 жастағы кейуана №2883 жүк пойызының астына түсіп мерт болды. Ал, наурыз айында Жамбыл – Талас телімінің 3517 шақырымында 49 жастағы әйел №2872 жүк пойызының астына түсіп қайтыс болды. Дәл осы телімде наурыз айында тағы бір 41 жастағы әйел 3511 шақырымында №379 жолаушылар пойызының астына түсті. Қалай дегенде, осы қайғылы оқиға құрбандарының барлығы дерлік – болат жол маңында тұратын тұрғындар. Олар бекітілген өткелдерден өтіп, Ережелерді сақтайтын болса, олқылықтың алдын алуға болатын еді ғой, – дейді Ірілендірілген Жамбыл жол дистанциясының өндірістік-техникалық бөлімінің инженері Мейрамкүл Шокбарова.
Сондай-ақ, темір жолдың бойында жайылатын қараусыз мал да алаңдаушылық тудыруда. Мал иелерінің салғырттығынан түрлі келеңсіз жағдайлар орын алуда.
Арсен Байзақ, Жамбыл
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды