ТХКБ экспорттың өсуін қамтамасыз етеді

Жаңалықтар
24.01.2024, 14:42

Елордада «ӘТЖ» ЖАҚ (Әзірбайжан) және ірі отандық экспорттаушылардың қатысуымен «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның ұйымдастырған  халықаралық дөңгелек үстел өтті. Іс-шарада отандық экспорттаушылардың жүктерін әлемдік нарықтарға барынша жылдам және экономикалық тұрғыда тиімді жеткізуге мүмкіндік беретін Транскаспий халықаралық көлік бағдарының (ТХКБ) артықшылықтары мен мүмкіндіктері талқыланды.

Дөңгелек үстелге қатысушылар – қазақстандық бизнесті, экспорттаушыларды (тау-кен өндіру, мұнай-химия, аграрлық және басқа да өнімдер) таныстырды, ірі жүк жөнелтушілер өз сұрақтарын тікелей қоя алды, ұсыныстар енгізді және жүк тасымалдарын ұйымдастырудағы өзара іс-қимылдың, ТХКБ бойынша тасымалдарды дамытудың негізгі мәселелерін талқылай алды.

Жалпы, іс - шараның күн тәртібі ауқымды болды – жүк тарифтері мен номенклатураларынан басқа, кедендік ресімдеу, кеме партиялары, споттық нарықтар, биржалық баға белгілеулер, экспорттаушылардың өнімді тасымалдауға жұмсайтын шығындарын азайту және басқа да мәселелер қозғалды. Сөз сөйлегендер кедендік рәсімдерді жетілдіру, көлік-логистикалық секторды жаңғырту, халықаралық дәлізде көлік қызметтерін цифрландыру, логистикалық саясатты қалыптастыру және іске асыру туралы айтты.

Экспорттаушылар ҚТЖ-ның отандық өндірушілерді қолдау бойынша жүргізіп жатқан саясатының арқасында көптеген кәсіпорындар өз өнімдерін алыс қашықтыққа жеткізе бастағанын атап өтті. Ол үшін ҚТЖ ТХКБ-ның «жұмсақ және қатты инфрақұрылымын» дамыту, Қазақстан аумағында да, елден тыс жерлерде де логистикалық қызметтер сервисін арттыру бойынша жұмыстарды белсенді жүргізеді.

- ТХКБ бойынша 2023 жылы жүктерді тасымалдау 2,8 млн тоннаны құрап, 2022 жылмен салыстырғанда 86% өсті (өсім 1,5 млн тонна). Бүгінгі таңда бағдар бәсекеге қабілетті жеткізу мерзімін ұсынады – орташа есеппен 12 күн. Орта мерзімді перспективада біз дәліз бойынша жүк тасымалдау көлемін 10 млн. тоннаға дейін жеткізуге мүдделіміз, - деп атап өтті «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының логистика жөніндегі орынбасары Ерлан Қойшыбаев.

Жүк жөнелтушілер, экспорттаушылар жұмыста оң нәтижелерге қол жеткізу үшін өз сұрақтары мен ұсыныстарын айтты.

Сонымен қатар, Әзірбайжан теміржолшыларының Қазақстанға сапары аясында «ҚТЖ» ҰК» АҚ өкілдерімен, қазақстандық экспорттаушылармен, логистикалық компаниялармен және жүк жөнелтушілермен бірқатар жұмыс кездесулері мен келіссөздер болып өтті.

 

Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді
Жаңалықтар
26.09.2026
Тәжірибелі тәлімгер тағылымы
Қауіпсіздік
26.09.2026
13 бас малды қағып кетті