Алматы-Өскемен пойызында сәби дүниеге келді

Жаңалықтар
07.02.2024, 16:01

Жас ана Жансая Көкенова жүктіліктің соңғы айында Алматыдан Өскеменге №352 пойызбен жолға шыққан. 

Пойыз жөнелтілгеннен кейін Екаша – Айыртау станциялары арасында жолаушының толғағы басталған. Вагон жолсерігі Бағдагүл Әбдәқұлова және пойыз бригадасының басқа да қызметкерлері қажетті көмек көрсетіп, босануды аман-есен қабылдады. Қыз 7 ақпанда сағат 13:30-да дүниеге келді.

Пойыз бригадасы лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес жұмыс істеді және жақын маңдағы станцияға жедел жәрдем шақырылды. Вагонда босанған әйелге көмек көрсету үшін барлық қажетті жағдайлар жасалды.

Өскемен станциясына келгеннен кейін қызды анасымен бірге жедел жәрдем қызметкерлері қабылдады.

Жолсерік Бағдагүл Әбдәқұлова теміржолда 23 жылдан астам жұмыс істеп келеді. Бұл оқиға оның тәжірибесінде бірінші рет орын алып отыр. Пойыз жолсерігінің айтуынша, бәрі де өздігінен шешімін тапты.

Айта кету керек, пойыз бригадаларының қызметкерлері стандартты емес жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша тұрақты негізде оқытылады. Соңғы 3 жылда «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздарында 12 бала дүниеге келді.

Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды