ҚТЖ-да «Білім экспресі» форумы өтті

Жаңалықтар
20.02.2024, 18:57
Оқуға 2 мин

Астанада «ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Теміржол көлігі персоналын бағалау және дамыту орталығы» филиалының оқу орталығы базасында «Білім экспресі»  ішкі жаттықтырушылар форумы өтіп, Қазақстанның әр өңірінен 100 жуық қатысушыны біріктірді.

Форум бағдарламасында – ішкі жаттықтырушылардың 2023 жылғы жұмысын қорытындылау, 2024 жылға арналған жұмыс жоспары, үздіктерді марапаттау, сондай-ақ шеберлік сыныбын өткізу.

- Ішкі жаттықтырушылық — бұл қызметкерлерді дамытуға салынған инвестиция ғана емес, сонымен қатар компания үшін стратегиялық артықшылық. Бұл өнімділікті жақсартуға, кадрлар ағының азайтуға және ұжымда жағымды атмосфераны құруға ықпал етеді. Ішкі жаттықтырушылар жұмысының арқасында нарықтағы позиция айтарлықтай нығайып, компанияның бәсекеге қабілеттілігі артып келеді, - деп атап өтті «ҚТЖ» ҰК»  АҚ адам ресурстарын басқару департаментінің директоры Сәуле Истлеева.

Қазіргі уақытта сертификатталған ішкі жаттықтырушылар пулы компанияның 90 астам қызметкерінен тұрады, олар үлкен сараптамалық тәжірибесі бар, оларды басқа жұмысшыларға беру үшін қажетті құзыреттерге, дағдыларға ие.

2023 жылы «Білім экспресі» жылжымалы даму мектебінің жобасы аясында еліміздің 13 өңірінен 6260 өңірлік деңгейдегі қызметкер оқытылды. Сондай-ақ, өткен жылы компанияның 26 қызметкері оқудан өтіп, ішкі жаттықтырушы сертификаттарын алды. Оларға компанияның ішкі жаттықтырушыларының алғашқы төсбелгілері табысталды.

Форум барысында ҚТЖ ішкі жаттықтырушылары тарихында тұңғыш рет көзге түскен ішкі жаттықтырушыларға компания аппараты басшысының алғыс хаты, даналықтың, ақылдылық пен білімнің символы ретінде «Үкі» естелік мүсіншесі табыс етілді.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды