Алдағы жазда Алакөл бағытындағы пойыздарда 270 мыңнан астам орын ұсынылады

Жаңалықтар / Апта саны
01.03.2024, 10:32
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген Александр Жабчук

ҚТЖ-да өткен кеңесте Алакөл көлінің танымал курорттық аймағы бағытында жазғы тасымалдарды ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Оған "Атамекен" ҰКП, салалық қауымдастықтардың, туристік операторлардың өкілдері және турбазалардың иелері қатысты. 

Соңғы жылдары көл бағытындағы пойыз сапарларына сұраныс артып келеді. 2023 жылы Алакөлге теміржол көлігімен 254 мың жолаушы тасымалданды. Бұл көрсеткіш 2020 жылғы деңгейден екі есе өсті. Алдағы жазда пойыздарда ұсынылған орындардың саны 16 мыңға артып, 270 мыңнан асады.  

Тасымалдауды қамтамасыз ету үшін ҚТЖ өзінің жылжымалы құрам паркін барынша пайдаланады.  Жолаушыларға ыңғайлы болу үшін Астана, Алматы, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарынан 11 маршрут Алакөл бағытында жүретін болады. Курорттық аймаққа жіберілетін пойыздар құрамына негізінен ауа баптағыштары бар жылжымалы құрамдар кіреді.  

Аялдамалар туристер үшін ең танымал орындарда – Жалаңашкөл, Ақши, Бескөл станцияларында қарастырылған.  Туристік маусымның қызған шағында Жалаңашкөл станциясының вокзалында жолаушылар ағыны тәулігіне 800 жуық жолаушыны, Ақши - тәулігіне 550-ге жуық жолаушыны, Бескөл-тәулігіне 220-ға жуық жолаушыны құрайды.  Жолаушылар ағынының ұлғаюын ескере отырып, станциялардың вокзалдарында жолаушылардың жайлы және қауіпсіз болуы үшін жағдайлар жасалады.  

Соңғы үш жылда Жалаңашкөл станциясында жолаушылар платформасы 6 есе - 650 м - ге дейін ұзартылды.  Тротуарлар төселді, вокзал ғимараты жөнделді, жарықтандырылған 24 шатыр орнатылды, рельстері мен пандусы бар баспалдақтар орнатылды. Сонымен қатар, орындықтар мен урналар орнатылды. Ақши станциясының вокзал маңы аумағында жарықтандыру нүктелерінің саны артты. Бескөл станциясында вокзал ғимараты жөнделді, дауыс зорайтқыш байланыс динамиктерінің, орындықтардың, қоқыс жинауға арналған урналардың саны артты. Вокзалдар ерекше қажеттіліктері бар жолаушыларға бейімделген: күту залында мүгедектер арбалары, пандус, арнайы орындар бар.  

Кеңесте бизнес өкілдері ҚТЖ, ҰКП және туроператорлар арасында туындаған мәселелерді жедел шешуге мүмкіндік беретін тығыз сындарлы диалог орнатылғаны аталып өтілді.  Олардың пікірінше, соңғы жылдары ҚТЖ пойыздарында сервис жақсарды және жолсеріктердің құзыреттілігі артты.  

Бизнес өкілдерінің сұрақтарына жауап бере отырып, ҚТЖ Туроператорлар нақты қажеттілікті ұсынған кезде Павлодар, Шымкент және Қызылордан Алакөл көліне дейінгі біржолғы пойыздарды ұйымдастыруды қарастыруға дайын екендіктерін атап өтті. Туроператорлар үшін коммерциялық пойыздарға билеттерді ерте брондау тәртібі әлі де қолданылады - пойыз жөнелтілгенге дейін 180 тәулік. Ең жоғары кезеңде билеттерді "Күту парағы" қызметін пайдалану арқылы сатып алуға болады.  

 Сондай-ақ, ҚТЖ сапар көліктің бірнеше түрінің көмегімен жасалған кезде интермодальды тасымалдауды дамыту бойынша әуе тасымалдаушылармен және туроператорлармен ынтымақтасуға дайын.

 

Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл