Асқар АҚТІЛЕУ, Ақтөбе
Баспаналы болуда
Оқуға 1 мин
Соңғы жылдары Ақтөбе жол бөлімшесінде 30-дан астам теміржолшы отбасылары қоныс тойларын тойлады. Тек былтырдың өзінде 27 қызметкер жаңа үйлеріне кірді.
Тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ұлттық компания бірқатар нормативтік құжаттар қабылдаған болатын. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ қызметкерлеріне тұрғын үйді төлемдерін бөліп-бөліп төлеу арқылы беру және жүзеге асыру, тұрғын үйге мұқтаж және тұрғын үй жағдайын жақсартуды қажет ететіндерді тіркеуге алу Ережесі де бекітілген еді. Ақтөбе жол бөлімшесі келтірген деректерге сүйенсек, бөлімше бойынша 7 қызметкер төлемдерін бөліп төлейтіндей етіп, 15 мерзімге баспана алған.
– Сонымен бірге «Қазақстан Халық банкі» АҚ арқылы жеңілдікті ипотекалық несие беру қарастырылған. Былтыр 27 қызметкер Халық банкіден 9 және 11 пайыз жеңілдік ипотека алды, – дейді бөлімшенің кадр қызметкерлері.