Еліміздегі вокзалдарда мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жағдай жасалған ба?

Жаңалықтар
01.04.2024, 11:56
Оқуға 2 мин

Көлік министрінің міндетін атқарушы Сәтжан Аблалиев Үкіметтегі азаматтарды қабылдау орталығында ел тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Кездесуге Алматы, Павлодар, Орал, Риддер қалалары мен Алматы облысының 5 тұрғыны жазылды.

М.Шағамбаев Павлодар облысындағы көліктік бақылау инспекциясы қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне шағымданды. Ал С.Бекбауов Алматы-1 және Алматы-2 вокзалдарында мүмкіндігі шектеулі жандардың мұқтаждықтары үшін жағдай жасалмағандығына назар аударды. Өз кезегінде көпбалалы ана Ж.Жаңабаева Алматы облысының Жамбыл ауданында жергілікті және республикалық жолдарды дамыту мәселелерін талқылау үшін жазылды.

Сондай-ақ министрлік өкіліне «Өскемен қалалық автобус» ЖШС-нің атынан Д.Фомин жүгінді. Ол халықаралық тұрақты жолаушылар тасымалы кезінде жолаушыларды тасымалдаудың белгіленген ережелердегі бұзушылықтары туралы мәлімдеді.

Өтініш берушілерге толыққанды жауаптар қайтарылып, түсініктемелер берілді.

Мәселен, теміржол вокзалдарына қатысты өтініш берушіге 2019 жылдан бастап Алматы-1 және Алматы-2 станцияларында халықтың мобильділігі төмен топтары үшін жағдай жасалғаны туралы айтылды. Алматы-1 вокзалында кондиционері бар демалыс бөлмесі ашылған, сонымен бірге көмекке шақыру түймешектері, №1 билет кассасының жанында және касса залы мен күту залы арасында арнайы көтергіштер орнатылғаны сөз болды. Ғимаратта және іргелес аумақта мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жолдар төселіп, мүгедектерге арналған арбалар сатып алынған. Сонымен қатар санитарлық тораптарға жөндеу жүргізіліп, «Арал» платформасына аталған санаттағы азаматтарды қауіпсіз жеткізу үшін 2 жаңа лифт орнатылғаны айтылды.

Өз кезегінде Алматы-2 вокзалында да демалыс бөлмесі жөнделіп, көмекке шақыру түймешектері мен 3 пандус орнатылған. Сондай-ақ билет кассасының қолжетімділігі көзделіп, ғимаратта және іргелес аумақта арнайы жабдықталған жолдар төселген. Оған қоса, санитарлық тораптар жөнделіп, мүгедектер арбалары сатып алынған және мобильділігі төмен азаматтарды вагондарға қауіпсіз отырғызу және одан түсіру үшін арнайы көтергіштер де қарастырылған.

№51/52 жолаушылар пойызына қатысты жүгінген азаматқа,  тасымалданатын жолаушылардың көп болмауына байланысты аталған бағыт шығынды болғандығы айтылды. 2023 жылы коммерциялық тасымалдаушының шығыны 990 млн теңгеге жеткен. Экономикалық тиімсіздікті ескере отырып, аталған бағыт бойынша пойыз қозғалысы тоқтатылған.

Алайда, халықты теміржол тасымалымен қамтамасыз ету үшін бүгінгі таңда №27/28 «Алматы-Орал» (Тальго), №7/8 «Алматы-Саратов» және №57/58 «Астана-Орал» жедел пойыздары қарастырылған. Жолаушылар ағыны ұлғайған жағдайда негізгі құрамға қосымша вагондар қосылады.

 

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті