20 сәуірде Қазақстан мен Қытай шекаралық - Достық станциясында 38 пойыз алмасты, деп хабарлайды Rail-news.kz.

ҚХР- ға 20 пойыз беріліп, 18 құрам қабылданды. Экспорттық-импорттық қатынастарда жүктердің тәуліктік берілуі 59,7 мың тоннадан асты. Бұған дейін Достық және Алашаңқай станциялары арасында пойыз алмасу тәулігіне 26 құрамға жеткен.  

Рекорд Қытай темір жолы, "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС, Достық станциясы қызметкерлерінің және Алматы өңірлік тасымалдау басқармасы орталығының мамандарының бірлескен күш-жігерінің арқасында орнатылды.