Салалық жоғары оқу орындары мен колледждердің оқытушылары ҚТЖ-да біліктілігін арттырды

Жаңалықтар
24.04.2024, 12:10
Оқуға 1 мин

Темір жол саласының құзыретті мамандарын даярлау бойынша білім беру ұйымдарымен жемісті өзара іс-қимыл шеңберінде ҚТЖ оқу орталығы базасында "Темір жол көлігіндегі автоматика, телемеханика және байланыс" тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курсы өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Оқытуға Алматы қаласының (ЛжКА, Satbayev University, Алматы логистика және көлік академиясының колледжі), Қарағанды (А.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті), Қостанай (ҚИЭУ Колледжі), Астана қаласының (Тынышпаев атындағы ҚАЗККА Ақмола колледжі, Көлік және коммуникация жоғары колледжі), Ақтөбе (Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжі) және Жезқазған (Жезқазған индустриалды-гуманитарлық колледжі) өңірлерінің 10 бейінді оқу орындарынан 21 оқытушы қатысты.

Теориялық сабақтардан басқа, біліктілікті арттыру курсы оқытушылардың кәсіби дағдылары мен құзыреттерін дамытуға бағытталған практикалық іс-шараларға толы болды.  

Курс тыңдаушылары елордалық вокзал кешеніне, "Солтүстік" тасымалдауды басқарудың өңірлік орталығына, станцияның дөңесі кешеніне және "Локомотив құрастыру зауыты" АҚ-ға барып, өндірістің заманауи технологияларымен, жұмыс процесін ұйымдастырумен және мамандарға қойылатын талаптармен танысты.

Курстың маңызды құрамдас бөлігі ҚТЖ ішкі жаттықтырушыларының күшімен өткізілген жеке-іскерлік құзыреттілікті дамыту бойынша тренингтер болды. Қатысушылар процестерді оңтайландыру, шығындарды жою және жұмыс тиімділігін арттыру, эмоцияларды басқару және жанжалды жағдайларды сындарлы шешу дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік алды.

Бұл курс қатысушыларының оң бағасын алып, олардың практикалық құндылығы мен өзектілігін атап өтті.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды