Үй жануарын пойызбен тасымалдау ережесі

Жаңалықтар
02.05.2024, 12:31

Ұлттық тасымалдаушы жолаушыларға пойыздарда жануарларды тасымалдау ережелері туралы еске салады. Үй жануарымен саяхаттау ыңғайлы болу үшін алдын-ала белгіленген ережелермен танысу қажет.

Жолаушылар пойыздарында тек үй жануарларын тасымалдауға рұқсат етілген, олардың саны екіден аспауы керек (мысықтар, иттер, құстар). Үй жануарлары мен құстарды тасымалдау тиісті ветеринариялық паспорттар немесе анықтамалар болған кезде ғана рұқсат етіледі. Анықтамаларды міндетті түрде пойызға отырғызу кезінде көрсету керек.

Басқа жолаушыларға қолайлы болу үшін және аллергиялық реакцияларды болдырмауын қамтамасыз ету үшін, үй жануарының иесі толығымен купенің барлық орынын сатып алу қажет. Жануарларды иесінсіз пойызға кіргізу рұқсат етілмейді.

Одан бөлек, үй жануарларын тасымалдау кезінде олар үшін тек иелері жауап беретінін ескертеміз. Жануарлардың иесі оларды  (торда, жәшіктерде, себеттерде) станцияларда, пойызға отыру/шығу кезінде, сондай-ақ, пойыздың өзінде бақылауда ұстауы керек. Оларды тамақтандырып болғаннан кейін, тазалықты сақтап, артынан жинастыруды ұмытпаған жөн.

Үлкен иттерге тұмылдырық пен қарғыбау кигізу міндеттеледі. Үлкен итпен саяхаттау кезінде оның салмағы бойынша есептелген багаж тарифі қолданылады. Ірі иттер тек бірінші вагонның жұмыс істемейтін тамбурына орналастырылады. Үй жануарларының иесі оны алып жүруге және сапар кезінде қауіпсіздікке толық жауап береді.

Зағип иесімен бірге жүретін бағыттаушы ит вагонның кез келген түрінде болуы мүмкін. Ол үшін қосымша ақы алынбайды.    

Сонымен қатар, вагон-мейрамханаларға жануарлармен кіруге рұқсат етілмейді. Жолаушылар мен пойыз қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды тасымалдауға болмайды.

Ұлттық тасымалдаушы жолаушыларға үй жануарларымен сапарларын алдын ала жоспарлауды және жануарлардың жүру шарттары туралы ақпаратты 1433 тегін телефоны арқылы, сондай-ақ, вокзалдың билет кассаларында алуға болатынын ескертеді.

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті