Мектеп түлектері ҚТЖ мүмкіндіктерімен танысты

Жаңалықтар
17.05.2024, 11:06
Оқуға 2 мин
Суреттерді түсірген автор
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Елордалық мектеп бітірушілерге көлік саласы, соның ішінде теміржол туралы ақпарат алуға тамаша мүмкіндік берілді. Көлік министрі Марат Қарабаев Астана мектептерінің түлектерімен «ашық микрофон» форматында кездесу өткізіп, оған «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС директорының корпоративтік мәселелер жөніндегі орынбасары Владимир Бабиченко да қатысты.

– Мемлекет басшысы еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін нығайту ісіне барынша күш салуды тапсырды. Кәсіби мамандар кез келген саланың табысты дамуының кепілі болып табылады. Бұл кездесуді көлік саласының қоғамдағы атқаратын рөлін айқындап, кейінгі толқынға бағыт-бағдар беру мақсатында ұйымдастырдық, – деді Марат Қарабаев.  

Бүгінгі таңда білікті кадрлар тапшылығы маңызды мәселе болып отыр. Жалпы авто, теміржол және авиация мамандарына деген қажеттілік шамамен 9 мың маманды құрайды. Бұл ретте 39 ЖОО-да 16 мыңнан астам студент осы бағыт бойынша білім алып жатыр. Оның ішінде «Автомобиль жолдары мен әуеайлақтар құрылысы», «Көпірлер мен көлік тоннельдерін салу», «Теміржолдар құрылысы» мамандықтары бойынша баржоғы 441 студент білім алады екен.  

В.Бабиченко «Менің мамандығым – теміржолшы» тақырыбында баяндама жасап, ҚТЖ компаниясының тарихынан бастап бүгінгі күнге дейінгі даму жолы, жаңа дәуірдегі жетістіктері, кадр саясаты, мамандарды оқыту мен олардың материалдық, әлеуметтік жағдайын жасау жайына кеңінен тоқталды. Өзінің де теміржолшылар әулетінен шыққанын жеткізді.

– Бүгінде ҚТЖ транзиттік тасымал көлемін арттыруға мән беріп, көлік-логистикалық қызметтер нарығында еркін қозғалуда. Компания Қазақстандағы тартымды жұмыс берушілер үштігі қатарына еніп отыр. Еліміздегі ең ірі жұмыс беруші компанияда қазір 116 мың адам еңбек етеді. Олардың әрбірі өзінің білімі мен біліктілігі және мамандығына деген адалдығымен теміржол тасымалын қамтамасыз етіп, ел экономикасын дамытуға үлес қосуда. Жұмыс беруші ретінде тартымды болуына бірнеше фактор септік етеді, біріншіден, бізде тәжірибесі болмаса да жұмысқа алу, тұрақты жалақы, мансаптық өсу, жеке және кәсіби тұрғыда даму мүмкіндіктері бар, – деді спикер.  

Ол сондай-ақ теміржолдағы ең негізгі мамандықтар – машинист, станция кезекшісі, пойыз диспетчері, пойыз құрастырушы, вагон қараушы, электр механигі, жолсерік, жол монтері, жол шебері сияқты мамандықтардың міндеттері мен қызметтеріне бөлек-бөлек тоқталды. Айтуынша, бүгінде Магистральдық желілер дирекциясында 21,2 мың адам еңбек етсе, Жолаушылар тасымалында 5,8 мың адам бар, ал Жүк тасымалы бойынша 31,1 мың теміржолшы қызмет етуде. Ең көбі, жол монтерлері – 11 313 адамды құраса, одан кейінгі орында 7 413 машинист бар, сосын 4 627 жолсерік еңбек етеді. Баяндамашы сонымен қатар компаниядағы жас теміржолшыларды қолдап, дамытатын арнайы бағдарламалар мен жобалар туралы да мәлімет берді.  

 

Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?