Қазақстанда «Қамқор Локомотив» компаниясы Әзірбайжан елі үшін алғашқы TEM2U тепловозын сәтті жаңартты, деп хабарлайды Rail-news.kz.

22 жыл пайдалануда болған бұл локомотив Билажари депосында алғаш рет күрделі жөндеуден кейін жұмысын қайта бастады.

Әзірбайжанның ADY ұлттық тасымалдаушысымен арадағы келісім-шарт аясында «Қамқор Локомотив» биыл тағы 11 локомотивті жөндеуден өткізуі тиіс, оның ішінде елімізде қазірдің өзінде 6-ы модернизациядан өтіп жатыр.

Жалпы алғанда, ADY-дің маневрлік тепловоздар паркі қазіргі уақытта 84 бірлікті құрайды.

Сонымен қатар, биыл «Қамқор Локомотив» Латвияға жаңғыртылған екі секциялы 4 тепловоз жіберуді жоспарлап отыр.