Астанадағы ескі вокзал жөнделеді

Жаңалықтар
29.05.2024, 15:38
Оқуға 1 мин
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Тамыз айында елордадағы ескі теміржол вокзалында күрделі жөндеу жұмысы жүргізіледі.  

Бұл туралы Amanat партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында өткен партиялық бақылау комиссиясының көшпелі отырысында айтылды. Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері мен мәслихат депутаттары «Нұр-Сұлтан-1» теміржол вокзалындағы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған қызметтер сапасына мониторинг жүргізді. Оның барысында вокзалдағы арнайы демалыс бөлмелері мен дәретханалардың тозығы жеткені анықталды. Мүгедектер арбасына арналған жол мен арнайы сатылар, демалыс бөлмелері мен әжетханалар күрделі жөндеу мен заманауи жабдықтауды қажет ететінін көрсетті.

– Біздің мақсатымыз – тұрғындар көтерген мәселелердің оң шешімін табу. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, біз мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сапасын жақсарту үшін мониторинг жұмысын ұдайы жүргізіп тұрамыз, – деді Amanat партиясы Астана қалалық филиалының атқарушы хатшысы Мұхаммед Болысбек.

«Нұр-Сұлтан-1» теміржол вокзалы 1961 жылдан бері қолданыста. Мұнда соңғы рет күрделі жөндеу жұмысы 20 жыл бұрын жүргізілген. Вокзал басшылығының  мәліметіне сәйкес, күрделі жөндеу жұмысы ағымдағы жылдың тамыз айына жоспарланған. Құрылыс жұмысының нәтижесінде вокзал толықтай заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілмек. Вокзалда мүмкіндігі шектеулі жандар үшін 2 жеделсаты, қызметкерлерді шақыру тетігі, арнайы демалыс бөлмесі мен дәретхана, пиктограмма мен индукция штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?