Маңғыстауда ретро көліктер шеруі өтті

Жаңалықтар
14.06.2024, 12:37
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Мамыр айында шығыстағы көрші елден жолға шыққан Пекин-Париж бағытындағы халықаралық ралли көліктері жақында Маңғыстауға жетіп, темір жол мен теңіз жолын түйістірген Құрық порты арқылы сапарын әрі қарай жалғастырды.

«Пекин-Париж Раллиі» атты ретро көліктердің салтанатты шеруі 18 мамырда басталып, 14 500 шақырымдық ралли Қытай, Қазақстан, Әзірбайжан, Грузия, Түркия, Грекия, Сан-Марино, Италия және Франция арқылы өтуі жоспарланған болатын. Автокөлік шеруіне 22 елден 287 адам қатысады және ол 23 маусымда Парижде аяқталады деп жоспарланған.    

Құрамында жүзге жуық автокөлігі бар және 16 қолдау көрсететін көліктен құралған ралли Пекин қаласына жақын Ұлы Қытай қорғанынан сапарға аттанып, Қазақстан шекарасына 30 мамыр күні келген болатын.  

Аңызға айналған ерекше көліктері бар авторалли қатысушылары Каспий теңізінің жағасына ұзақ жол жүріп жетті. Құрық портынан ретрокөліктер Әзірбайжанның Баку қаласына тиелді, одан әрі Еуропаға аттанады.    

Құрыққа жеткенше бұл халықаралық автокөлік шеруін тоғыз жолдың торабындағы Бейнеу станциясының халқы тамашалап үлгерді. Автошерушілер Бейнеуде 5-6 маусым күндері аялдап, атақты Сам құмы бар Сам ауылына жақын маңда шатыр тікті. Бейнеуліктер оларды қарсы алып, жергілікті табиғатпен таныстырып, қонақжайлылық танытты. Аймақтың климаттық ерекшеліктерін өз көзімен көріп, Бейнеу мұражайына саяхат жасап, өлкенің рухани мұралары мен ұлттық құндылықтарынан мағлұмат алған шетелдіктер риза болып аттанды.    

Автошеру қатысушысының бірі, өзімен жасты 1973 жылғы фиат автокөлігін тізгіндеген италиялық Федерико Громның айтуынша, олар көліктерді паромға тиеп, Бакуға, одан әрі Түркияға жетіп, Еуропаға жол тартады. Әрі қарай соңғы аялдама –   Париж деп автошеру бағдарымен таныстырған италиялық еліміздің кең даласы мен ашық аспаны, қонақжай халқы ерекше ұнағанын жеткізді.  

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды