Еңбек түбі – зейнет

Жаңалықтар
13.06.2016, 10:20
Атырау магистральдық желі бөлімшесінің ұжымы бөлімше филиалы болып табылатын Мақат қалпына келтіру пойызында көп жылдар еңбек етіп, зейнеткерлік жасына жеткен үш теміржолшыны құрметті еңбек демалысына шығарып салды. Аталмыш шарада Атырау магистральдық желі бөлімшесі директорының орынбасары Жанат Жартыбаев, персонал жөніндегі менеджері Анар Жалғасбаева, аталған бөлімшенің кәсіподақ ұйымының төрағасы Нәсіп Әліпқалиева,  Еңбекті қорғау және қауіпсіздік жөніндегі жетекші инженері Алла Плотникова әріптестері туралы жылы лебіздерін білдіріп, той иелеріне жүрекжарды тілектерін жеткізді. Темір жол саласын өркендетуге зейнеткерлікке шығып жатқан әр теміржолшының өзіндік үлесі бар екенін айтады әріптестері. Мысалы, Атырау өңіріндегі Қызылқоға ауданы, Сағыз станциясында дүниеге келген Төлеген Әбдірашев темір жол саласында қырық екі жыл тер төккен. Алғашқы еңбек жолын Жол машиналары станциясының (ПМС) жол монтері қызметінен бастаған ол 2001 жылдан бері Атырау магистральдық желі бөлімшесінің Мақат станциясы қалпына келтіру пойызының машинист бульдозер лауазымын атқарып келген. Ал екінші мерейтой иесі  Жолдасқали Нұрекеновтің темір жол саласында еңбек етіп, суығы мен ыстығына бірдей жүргеніне 33 жыл болыпты. Ұл-қыз өсіріп, оларды құтты орындарына қондырған Жолдасқали ендігі өмірін немерелерінің тәрбиесіне арнамақ.  Аталған ұжымда өзге ұлт өкілдерінің  де бір атаның баласындай  ауызбіршілікпен еңбек етіп, Атырау темір жолының тынысын кеңейтуге атсалысуы көңілге қуаныш ұялатады.  Солардың қатарында, зейнеткерлік жасына жетіп, көп жылғы еңбегінің зейнетін көруге қадам басқан Степан Ильченко бар.  Ол Мақат локомотив депосында тепловоз машинистінің көмекшісі, ал 1986 жылдан бері Мақат станциясы қалпына келтіру пойызында тракторист болып еңбек етіпті. Салтанатты шарада сөз алған Атырау магистральдық желі бөлімшесінің персонал жөніндегі менеджері Анар Жалғасбаева: –Сіздер өз еңбек жолыңызда талай белеске шығып, ағайын-туыстарыңыздың, ұжымның және достарыңыздың құрметіне бөлендіңіз. Өз жұмыстарыңызды абыроймен атқара жүріп, тәжірибелі маман ретінде білгендеріңізді кейінгі толқын жастармен бөлісіп, әркез үйретуден жалықпадыңыздар. Сіздердің өрелі істеріңізді айтқанда ауыз толады. Өйткені, Сіздердің өмірлеріңіз нағыз майталман маманның, ұлағатты әкенің, еліміздің абзал азаматының өнегесі, –дей келе, ардагер теміржолшылардың деніне саулық, ұрпақ қызығын көруді тіледі. Шара соңында үш зейнеткерге ұжымдастары ақжарма тілектерін айтып, бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттар табыстады.

Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА

Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты