ТЖМ табиғи апатты жоюға үлес қосқан теміржолшыларды марапаттады

Жаңалықтар
28.06.2024, 14:09

Су тасқыны салдарын жою кезінде теміржолшылар тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеді. Ауыр арнайы техниканы, понтондық көпірлерді, құтқарушылар мен еріктілер мінген  эшелондарды жедел жеткізу, су басқан аудандардан жүк және жолаушылар пойыздарын қауіпсіз өткізуді ұйымдастыру, сондай-ақ арнайы пойыздарды қалыптастыру, су басу аймағынан зардап шеккендерді эвакуациялау үшін қосымша пойыздар мен вагондарды іске қосу олардың кәсібилігіне байланысты болды.

Теміржолшылар өз елінің патриоттары ретінде батыс аймақтың тұрғындарын эвакуациялауға, бөгеттер салуға көмектесті, гуманитарлық көмек жинауға және таратуға қатысты, зардап шеккендерге қажетті қан тапсырды. Теміржолшылар Қапшағайдан Шұбарқұдыққа күрделі жүкті – жүк көтергіштігі 20 тонналық понтон-көпір паркін жедел жеткізуді ұйымдастыра отырып, өздерін көрсете білді.    

Табиғи апатпен күресте көрсеткен кәсібилігі мен қосқан үлесі үшін ҚР Төтенше жағдайлар министрінің грамотасымен ҚТЖ Тасымалдауды басқару автоматтандырылған орталығы диспетчерлік аппаратының ауысым бастықтары Ғалымжан Көшербаев, Ғалымжан Айтікеев, Бауыржан Қадырбаев, сондай-ақ ТБАО аға диспетчерлері Санат Жүрсін және Бақытжан Ахметов марапатталды.

ҚР Төтенше жағдайлар министрінің алғыс хаттарын "ҚТЖ - Жүк тасымалы" ЖШС - "Тасымалдау процесін ұйымдастыру дирекциясы" филиалының директоры - Бас директордың м. а. Ербол Түсіпов, "Жолаушылар тасымалы" АҚ Бас директорының орынбасары Айбат Қанғалиев, "Жолаушылар тасымалы" АҚ атқарушы директоры Асхат Ақынбеков, Магистральдық желі дирекциясы жол және құрылыс департаментінің директоры Арман Бубиканов алды.  

Марапатталғандар арасында "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС - "Алматы ЖТ бөлімшесі филиалының директоры Нұрым Жәниязов және "Шымкент ЖТ бөлімшесі” филиалының директоры Нұрдәулет Байғазиев, "ҚТЖ" ҰК" АҚ - “Ақмола магистральдық желі бөлімшесі" филиалының пойыздар қозғалысын басқарудың өңірлік орталығының басшысы Әділхан Дәкенов,  “Алматы магистральдық желі бөлімшесі" филиалының пойыздар қозғалысын басқарудың өңірлік орталығының басшысы Айдос Тұрғалиев және "Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі" филиалының пойыздар қозғалысын басқарудың өңірлік орталығының басшысы Дархан Құланбаев, ҚТЖ бас менеджері - азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және жүргізу бөлімінің бастығы Жәнібек Айманбетов бар.  

 

Жолаушылар тасымалы
10.07.2026
Ұлттық тасымалдаушы Алматы бағытында миллионға жуық жолаушы тасымалдады
Аймақтар
10.07.2026
Теміртау вокзалында жолаушылар платформасын жаңғырту жұмыстары аяқталды
Аймақтар
10.07.2026
Құсмұрын станциясында "Қауіпсіз өткел" акциясы өтті
Жүк тасымалы
10.07.2026
Вагон өндірісінен экспортқа дейін: «Қазтеміртранс» жоспары
Сұхбат
10.07.2026
Жүк тасымалы – экономиканың сенімді даму бағыты
ҚТЖ келбеті
10.07.2026
Сайөтесте вагон қараушы апатқа жол бермеді
Жаңалықтар
10.07.2026
ҚТЖ-да жас мамандарға арналған тәлімгерлік жүйе қайта жандануда
Қауіпсіздік
10.07.2026
Өткелден өтудің өз ережесі бар
Жаңалықтар
10.07.2026
Қазақстанның транзиттік әлеуеті халықаралық деректі фильмде көрсетілді
Қауіпсіздік
10.07.2026
Қауіпті аймақта қатер көп...
Жаңалықтар / Мұрағат
10.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №52 10 шілде 2026 жыл
Жаңалықтар
09.07.2026
ҚТЖ теміржол бағыттамаларын жоспарлы түрде жаңартып жатыр
Әлемде
09.07.2026
Ұлыбританияда алғашқы экологиялық таза вокзал ашылды
Жүк тасымалы
09.07.2026
Қысқа дайындық: ҚТЖ көмір тасымалдайтын вагондарды жаппай әзірлеуде
Жаңалықтар
09.07.2026
Елімізде астық экспорты 13%-ға артты
Аймақтар
09.07.2026
«Сарыағаш» теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары тамыз айында аяқталады
Жаңалықтар
09.07.2026
ҚТЖ паркі маусым айында 50 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.07.2026
Алматы-1 теміржол вокзалын қайта құруға 500-ден астам жұмысшы тартылды
Әлемде
08.07.2026
Армения Түркия және Әзербайжан шекараларына апаратын теміржол желілерін қалпына келтіре бастады
Жаңалықтар
08.07.2026
Тәртіп сақшылары балаларды теміржол бойында абай болуға шақырды