«Қазтеміртранс» АҚ жыл басынан бері 5,6 мыңнан астам жүк вагонын жөндеу түрлерінен өткізіп, жоспарды 103% орындап отыр.

Компания еліміздің жүк вагоны паркінің операторы бола отырып, «ҚТЖ» ҰК»АҚ тарапынан толық бақылауға ие. Компания пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүк вагондарына деполық және күрделі жөндеу жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп келеді. Бүгінде Компания паркінде 37 мыңнан астам түрлі типті жүк вагондары бар. Олар ашық және жабық вагондар, әмбебап платформалар, астық және цемент тасығыштар, тағы басқалар.