Астана әкімі вокзал маңындағы аумақ қалай абаттандырылатынын айтты

Жаңалықтар
12.07.2024, 12:02
Оқуға 1 мин
Фото: Астана әкімдігі

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында вокзал маңындағы аумақты абаттандыру мәселесі туралы айтты, деп хабарлайды Rail-news.kz.

«Елордамызды құлпырту бойынша ауқымды жұмысты ары қарай жалғастырамыз. Бірер күн бұрын қалада тағы 40-тан астам аула мен қоғамдық кеңістік аштық. Биыл барлығы 170 аула мен қоғамдық аумақты абаттандыруды жоспарлап отырмыз. Бұл жұмыспен қаланың барлық ауданы қамтылды», - деп жазды әкім.

Оның айтуынша, биыл қаланың вокзал маңындағы бөлігін және іргелес тұрған Біржан сал мен Гете көшелерін абаттандыру жобасын іске асырылады. Вокзал маңындағы көшелердің жалпы ұзындығы – 1,5 км. Сондай-ақ, мұнда 5 қоғамдық кеңістікті абаттандыру жоспарланып отыр: Жастар театрының алдындағы алаң, Ақжайық қонақ үйінің алдындағы аумақ, «Хлебник» наубайханасының алдындағы алаң, Чемодандар паркі және «Паровоз» гүлзары.

«Қаланың тарихи бөлігінің тұжырымдамасы аясында абаттандырудың классикалық стилі қолданылады, оның ішінде жарықтандыру тіректерін, көше жиһаздарын орнату, жасыл желектерді кешенді отырғызу», - деді Жеңіс Қасымбек.

Қаланың тарихи көшелерін реконструкциялау жобасы аясында жалпы абаттандыру алаңы 17 мың шаршы метрден асады.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды