Жаңа – Есіл локомотив депосы жаңа ТЭМ-11А сериялы маневрлік тепловоздармен толықты. Локомотивтер Астанадағы "Локомотив құрастыру зауыты" зауытында жиналды, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Маневрлік және шаруашылық жұмыстарға арналған тепловоздарды локомотив бригадалары Жаңа-Есіл – Саумалкөл, Жаңа-Есіл – Зерновая учаскелерінде пайдаланатын болады.
Техника локомотив бригадалары үшін барлық жайлылық талаптарына сәйкес келеді: толық автономия, электронды басқару, борттық компьютер, ауа баптау жүйесі, тоңазытқыш, тағамды жылытуға арналған электр плиткасы орнатылған.
2024 жылдың соңына дейін Қазақстанның локомотив паркі жаңа ТЭМ-11А сериялы 21 маневрлік тепловозбен толықтырылады.