Темір жолмен шикізат жүктерін тасымалдау 10 млн тоннаға жетті

Жаңалықтар
29.07.2024, 11:40
Оқуға 2 мин

Темір жол арқылы тасымалданатын экспорттық шикізат жүктерінің көлемі 7%-ға артты, шамамен 10 млн тоннаға жетті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Химиялық және минералды тыңайтқыштар 11%-ға, түсті металдар 9%-ға, қара металдар 15%-ға және бидай ұны, тұз, өсімдік майы және құрама жем секілді басқа жүктер 11%-ға  артты. Сонымен қатар Қытай бағытында жалпы экспорт белсенді түрде артып келеді. Мәселен, өсім 19%-ды немесе 6,8 млн тоннаны құрады.

Министрлік 2024 жылы 140 жаңа жолаушылар вагонын жеткізуді жоспарлап отыр. Бұл өткен жылдағымен салыстырғанда 22 вагонға артық. Жоспарланған көлемнің 50 бірлігі жеткізілді, қалғаны жыл соңына дейін жеткізіледі деп күтілуде. Жаңа вагондар Қызылорда – Семей, Павлодар – Алматы, Ақтөбе – Атырау және Алматы – Сарыағаш бағыттарында пайдаланылатын болады. Сондай-ақ Павлодар – Түркістан, Қарағанды – Самара, Қарағанды – Омбы және Қостанай – Алматы бағыттарындағы вагондар жаңартылады.

Сонымен қатар теміржал саласында төрт ірі инфрақұрылымдық жоба жүзеге асып жатыр. Олардың қатарында «Достық – Мойынты», «Дарбаза – Мақтаарал», «Бақты – Аягөз» және Алматы қаласының айналма жолы бар. Биыл еліміздің теміржол желісінде ауқымды жөндеу жұмыстары жүргізілуде, 1,4 мың шақырымнан астам темір жол қамтылды, оның 570 шақырымы рельстерді толық ауыстыруды талап етеді. Қазіргі уақытта жұмыстар жартылай аяқталды.

Бұған қоса,  кірме жолдарды мемлекеттік меншікке беру рәсімі аяқталып қалды. Жалпы ұзындығы 241 шақырым болатын 600-ден астам кірме теміржолы «Көліктік сервис орталығы» АҚ сенімгерлік басқаруына берілді. Кірме жолдарды Техникалық пайдалану қағидаларының талаптарына сәйкес жөндеп, қалыпқа келтіру жоспары әзірленіп, бекітілді. 

 

Әлемде
19.10.2026
Ресейде push-pull технологиясымен жүретін алғашқы қала маңы пойызы іске қосылады
Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде