Белкөл станциясында “Хлор жүгі бар вагондағы шартты өртті сөндіру” тақырыбында жоспардан тыс өрт-тактикалық оқу-жаттығулары өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Іс-шараға Қызылорда қаласы ТЖД қызметкерлерімен бірлесіп Қызылорда станциясының өрт сөндіру және қалпына келтіру пойыздарының теміржолшылары қатысты.

Оқу-жаттығуға қатысушылардың алдында бірнеше міндеттер тұрды: ТЖ аймағына түскен адамдарды құтқару және эвакуациялау, хлор шығарылуы салдарынан туындаған өрт пен химиялық қауіпті бұлтты жою. Қойылған міндеттер орындалды, бірлескен іс-әрекеттер іс жүзінде пысықталды.