ҚТЖ қаржылық қызметінде ең жоғары тарихи жетістікке қол жеткізді

Жаңалықтар
06.08.2024, 09:00
Оқуға 2 мин
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Тамыздың алғашқы жексенбісінде кәсіби мерекелерін атап өтетін “Қазақстан темір жолы” компаниясының қызметкерлері сала жұмысын таразылап, қорытынды жасау дәстүрге айналған.  

Соңғы үш жылда компания өзінің өндірістік және қаржылық қызметінде ең жоғары тарихи жетістіктеріне қол жеткізді. Атап айтқанда, пайдалану жүк айналымы: 270 миллиард тонна-километр, транзит: 27,4 миллион тонна, ҚХР-мен тасымалдау көлемі: 28 миллион тонна болды, 255 локомотив сатып алынды, 4 жыл ішінде шамамен 500 бірлік сатып алынады, 150 жолаушылар вагоны сатып алынды, 2030 жылға дейін 700 жуық вагон жеткізілетін болады. Темір жол төсемін жыл сайын жөндеу көлемі 2 есеге ұлғайды (1400 км), компанияның кірісі 2021 жылы 1,3 трлн теңгеден 2023 жылы 2 трлн теңгеге дейін өсті, 2023 жылғы пайда 134 млрд теңгені құрады, бұл 2022 жылдан 4 есе көп; бұл Компанияның соңғы 10 жылдағы ең жақсы көрсеткіші, компания қызметкерлерінің жалақысы 2020 жылғы деңгейге қарағанда 2 еседен астам өсті.  

Ел басшылығының елдің көлік-транзиттік әлеуетін ұлғайту жөніндегі міндеттері ойдағыдай орындалуда. Мәселен, Достық – Мойынты, Дарбаза – Мақтаарал, Бақты – Аягөз, Жетіген-Қазыбек бек темір жол желілерін салу бойынша ірі инфрақұрылымдық жобалар іске асырылуда. Достық-Мойынты екінші жолы бойынша қозғалыс 2024 жылдың соңына дейін ашылады деп жоспарлануда. Сонымен қатар Қытайдың Сиань құрғақ портында Қазақстанның жүк терминалы салынды; терминалды пайдалана отырып, Орталық Азия, Ресей, Закавказье және Еуропа бағыттарында жеделдетілген контейнерлік сервис ұйымдастырылды. Селятино станциясында (Мәскеу облысы, РФ) CRK Termina жаңа көлік-логистикалық орталығы салынуда. Әлемдік ірі компаниялармен (Huawei, Wabtec, PSA) бірлесіп теміржол көлігі жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған цифрлық жобалар іске асырылуда.  

Қазақстанның жаһандық жүк ағындарының пайда болуы мен тұтыну нүктелерінде болуы, темір жол әкімшіліктерімен және ірі шетелдік компаниялармен өзара іс-қимыл жасауы, заманауи цифрлық шешімдерді енгізу есебінен тасымалдар географиясы кеңейіп, жаңа маршруттар ашылып, логистикалық тізбектер жақсаруда. Бұл экономиканың өсуіне және Қазақстанның Еуропа мен Азия арасындағы көлік-логистикалық хаб ретіндегі ұстанымын нығайтуға ықпал етеді.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды