Қазақстандық жүк жөнелтушілерге Баку – Тбилиси – Карс бағдарының мүмкіндіктері ұсынылды

Жаңалықтар
23.08.2024, 17:47
Оқуға 2 мин

"ҚТЖ" ҰК" АҚ  - "Интеграцияланған жоспарлау дирекциясы" филиалы және Әзірбайжан темір жолының өкілдері ұйымдастырған кеңесте жаңғыртудан кейінгі Баку – Тбилиси – Карс бағытының мүмкіндіктері таныстырылды. Іс-шараға қазақстандық жүк жөнелтушілер, салалық қауымдастық, "Атамекен" ҰКП өкілдері қатысты.  

Жаңғыртудан кейін Баку – Тбилиси – Карс маршрутының өткізу қабілеті 5 есе өсті: жылына 1-ден 5 миллион тоннаға дейін жүк. Магистральды электрлендіру толығымен аяқталды. Ахалкалаки станциясы қайта жаңартылды. Жоба Әзірбайжанның бастамасымен Орта дәліз бойынша жүк тасымалы құнын төмендету есебінен транзитті ұлғайту үшін іске асырылды. Маршрут Қара теңіз порттарын айналып өтіп, Азия мен Еуропа арасындағы жүктерді жеткізуді жеделдетуге мүмкіндік береді және теңіз бен автомобиль тасымалдарымен салыстырғанда үнемді болады.  

Жыл соңына дейін грузин және әзірбайжан тараптарының қатысуымен тарифтік саясат пен маршрут бойынша тасымалдау шарттарын қалыптастыруда жұмыс істейтін бірлескен кәсіпорын іске қосылады.

Жиында қатысушылар қазақстандық теміржолшылар мен жүк жөнелтушілердің айтылған пікірлерін ескере отырып, қосымша ақпарат алмасуға, сондай-ақ осы кездесулердің тәжірибесін жалғастыруға келісті.  

Осы жылдың 7 айында Қазақстан мен Әзірбайжан темір жолдары арасындағы тасымалдау динамикасы 37%, яғни 3,2 млн тоннаға дейін өсуді көрсетіп отыр. Транскаспий халықаралық көлік бағдары (ТХКБ) бойынша 1,9 млн тонна тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен 23% жоғары.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды