Іс-шараға Қазақстан, Қытай, Әзірбайжан, Грузия темір жолдарының, Шэньси провинциясы партия комитеті мен үкіметінің, Сиань қаласының басшылары және т. б. қатысты, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Жолға шыққан 55 қырық футтық контейнерден тұратын құрам "Сиань халықаралық порты" станциясынан жүкті Будапештке жеткізеді. 

Пойыз 8-11 күнде Бакуге дейін шамамен 7 мың шақырымды жүріп өтеді. Ол Будапешттегі соңғы нүктеге небәрі 25 күнде жетеді. 

Жеткізу мерзімдерін қысқарту және сервисті жаңа деңгейде ұсыну ТХКБ-ға қатысушы елдер теміржол және порт әкімшіліктерінің жемісті ынтымақтастығының арқасында мүмкін болды.

Осы жылдың 8 айында ТХКБ бойынша транзит 20 есе өсіп, 200 пойыз жүріп өтті.