Оқушылар вокзал қызметімен танысты

Жаңалықтар
23.09.2024, 11:43
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген Мұқағали Қасқарбек
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Елордалық бір топ оқушылар «Нұрлы жол» вокзалына экскурсияға барды. Зәулім вокзал кешенін аралап көріп, түрлі қызметтерінің ерекшеліктерімен танысқан оларға ең алдымен қауіпсіздік қағидаттары түсіндірілді.    

Қаладағы мектептердің бірінде 6-сыныпта оқитын оқушылар үшін заманауи теміржол вокзалының ғимараты ерекше қызығушылық тудырды. 4-қабаттағы Күту залындағы теміржол картасы мен вокзалдың макеті жанында оларға вокзал кезекшілері жалпы ҚТЖ туралы ақпарат берді. Сонымен қатар манекенде тұрған теміржолшылардың жұмыс формасы, ондағы белгілердің мән-мағынасын түсіндірді. Одан әрі үлкен залға өтіп, анықтама бюросына келген балалар оның қызметімен танысып, билет кассаларында жолаушылардың қалай билет рәсімдеп жатқанын көзбен көрді. Бұдан соң оқушылар вокзалда пойыздардың келуі мен кетуін хабарлайтын дикторлық кеңсеге бас сұқты. Бұл жерде олар диктордың нұсқауымен арнайы мәтінді үш тілде өздері оқып көрді. Балалар үшін бұл қызмет ерекше әсер қалдырды. Бұл  сәт оларға үлкен эмоция сыйлағаны анық, өйткені  олар вокзал дикторы болып  көрді. Әрі қарай перронға шығып, теміржол көлігі объектілеріндегі қауіпсіздік ережелерімен жан-жақты танысқан балалар теміржолшылармен бірге суретке түсіп, танымдық һәм тағлымдық әсері мол болған ерекше саяхатқа әбден риза болды.    

– Мемлекет басшысы өз Жолдауында 2025 жылды Жұмысшы мамандықтардың жылы деп жариялады. Біз балаларға вокзалға экскурсия ұйымдастырып, теміржол жұмысы мен мамандықтың маңыздылығы туралы, сонымен қатар қауіпсіздік қағидалары жайлы  айтып беруді шештік. Экскурсия балаларға ұнады деген үміттеміз, – деп атап өтті «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Магистральдық желі дирекциясы» филиалының атқарушы директоры Жұбан Көрпебаев.

Вокзал қызметкерлерінің қолдауымен ҚТЖ басшылығы осындай іс-шараларды тұрақты негізде өткізуді жоспарлап отыр.

    – Біз ғылыми мектеп болғандықтан теміржол саласының да жұмысын балаларға көрсетуді мақсат еттік. Әрі менің сыныбымдағы бір баланың әкесі теміржолда істейді. Сол кісілер де бастама көтеріп, өзімнің сыныбымды әкеліп тұрмын. 17 бала Quantum Stem мектебінің 6-сыныбында оқиды. Бұл бастаманы мектептің басқа сыныптары үшін де ұйымдастыру өте пайдалы деп санаймын. Себебі оқушылар тек әнші, биші болуды ғана ойламай, теміржол сияқты үлкен салалардағы сан түрлі мамандықтарды да біліп, сол салаларға қызығушылығы болғаны жөн. Мәселен, бұл экскурсия барысында балалар еліміз бойынша күніне 700-дей жолаушылар пойыздары жүретінін, теміржолда машинист, кезекші, билет кассирі, вокзал дикторы, жолшы, вагон қараушы және басқа да мамандықтар бар екенін білді, – дейді елордадағы Quantum stem мектебінің сынып жетекшісі Ажар Аккисева.  

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды