ҚТЖ-ның пойыздарымен мемлекетаралық бағыттарда 670 мыңнан астам жолаушы тасымалданды

Жаңалықтар / Апта саны
08.10.2024, 09:10
Оқуға 2 мин

Жыл басынан бері Ұлттық тасымалдаушының мемлекетаралық пойыздарымен 673 мыңнан астам жолаушы тасымалданды. Ұлттық тасымалдаушының негізгі бағыттарына: №1/2 «Алматы-Ташкент», №7/8 «Алматы-Саратов», №113/114 «Алматы-Казань», №301/302 «Алматы-Новосибирск», №83/84 «Қарағанды-Самара», №145/146 «Қарағанды-Омск», №625/626 «Атырау-Астрахань» кіреді. Сонымен қатар, Қазақстан арқылы жақын шетелдерге бағытталған 10 транзиттік мемлекетаралық пойыздар қызмет көрсетеді.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушыларға Қазақстанның мемлекеттік шекарасын теміржол арқылы кесіп өткенде шекаралық және кедендік бақылаудан өту тәртібін еске салады.

1.Теміржол көлігінде жолаушыларды тасымалдау кезінде мемлекеттік бақылау арнайы уәкілетті органдар тарапынан жүзеге асырылады. Бақылау қызметкерлері пойызға теміржол станцияларында немесе арнайы белгіленген орындарда мінгеннен бастап, шекаралық өткелге немесе мемлекеттік шекараға жеткенге дейін тексеріс жүргізеді.

2.Құжаттарды тексеру халықаралық бағыттағы пойыз вагондарында тікелей жүргізіледі. Жолаушылар тексеру барысында дайын құжаттарымен өз орындарында отыруы қажет.

3.Тексеру барысында дәретханалар мен мейрамхана вагоны жабық болады. Жолаушыларға вагон ішінде жүруге рұқсат етілмейді.

4.Кеден қызметкерлері сапар мақсаты, қайту уақыты және шетелде болатын орны туралы сұрақтар қоюы мүмкін. Жолаушылар бұл сұрақтарға нақты әрі түсінікті жауап беруі тиіс.

5.Алдымен қол жүгі, содан соң төленген жүк тексеріледі. Қажет болған жағдайда жүктің тасымалдану мақсатын көрсетіп, кедендік декларация толтырылады.

Кедендік тексеру кезінде барлық қажетті ақпарат толық қаралады, дегенмен қызметкерлер пойыздың қозғалысына кедергі келтірмей, тексеріс барысын мүмкіндігінше жедел жүзеге тырысады.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды