"ҚТЖ" ҰК" АҚ өзінің еншілес ұйымы – "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС-ға қатысты жүргізген ішкі қызметтік тексеру нәтижелері бойынша 56 млн теңгеден астам ақша қаражатын ұрлау фактілері анықтады, деп хабарлайды Rail-news.kz.
ҚТЖ материалдық залалды өтеу және кінәлі адамдарды анықтау мақсатында қылмыстық іс жүргізу заңнамасы шеңберінде шаралар қабылдау туралы құқық қорғау органдарына тиісті өтініш жолданды.
Тергеу шаралары жүргізілуде.
ҚТЖ сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бастамашысы ретінде тергеп-тексеруге толық жәрдем көрсетеді. Компанияда мұндай фактілерге жол бермеу бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде және кез келген бұзушылықтарға нөлдік төзімділік саясаты қолданылады.