Теміржолшылар арасында зияткерлік ойын өтті

Жаңалықтар
11.10.2024, 09:18
Суретті түсірген Олжас АХМЕТОВ
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Мемлекеттік тілді дамыту секторының ұйымдастыруымен теміржолшылар арасында қазақ тілінде тұңғыш «Quiz» зияткерлік ойыны өтті. «Ахмет Байтұрсынұлы – тіл білімінің атасы» тақырыбында өткен білім сайысына теміржол қызметкерлерінен тұратын 8 команда қатысты.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ аппарат басшысы Серік Кеулімжаев мемлекеттік тіл аясын кеңейту бағытындағы мұндай іс-шаралардың маңыздылығына тоқталып өтіп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар алдағы уақытта «Самұрық-Қазына» АҚ портфельді компаниялары арасында өтетін «Жайдарман» ойындарына қатысты ұсыныстар күтетінін жеткізді.  

Квизда 4 адамнан құралған әр команда екі кезең бойынша интеллектуалдық және логикалық сұрақтарға жауап берді. Бірінші «Сөзжұмбақ» кезеңінде 8 минутта логика мен нақты деректерге негізделген 6 сұраққа жауап берілсе, «Байланыс» деп аталған екінші кезеңде сұрақтардың бәрінің жауабы бір тақырыпты қамтып, әр сұраққа 1 минут уақыт берілді. Сұрақтар мазмұны қазақ әдебиеті мен салт-дәстүрлеріне, наным-сенімдеріне, әндеріне, өнеріне қатысты болды. Мәселен, бір сурет сұрақта «Қанапия Телжановтың мына картинасы 1970 жылы жазылған әнмен де, белгілі отандық квазимемлекеттік ұйыммен де аттас. Оны біріккен сөзбен атаңыз» делінген. Оның жауабы – «Атамекен» сөзі болды. Осылайша қатысушылар әрбір сұрақ астарына логикалық тұрғыда үңіле отырып, жауап табуға тырысты.  

Мемлекеттік тілді дамыту секторының меңгерушісі Ербол Тоқтағазы нәтижесінде «Алаш арулары» командасын Алғыс хатпен, «Баян сұлу» және «Қазақ әдебиеті» командасын ынталандыру сыйлығымен марапаттады. Үшінші орын «Нурикамал» және «Тіл жанашырлары» тобына берілсе, екінші орынды «Алаш ЦЖС», «Алаш» топтары иеленді. Ал барлық сұрақтарға толымды жауап берген «Қуырдақ» командасы жеңімпаз атанды. Барлық қатысушылар электрондық техникалық бұйымдар бойынша бағалы сыйлықтарға ие болды.  

– «Quiz» өте қызықты өтті. Түрлі бағыттағы логикалық сұрақтар қызық болды. Қатысқаныма өте қуаныштымын. Себебі бірбірімен байланысып жатқан әрбір сұрақтың жауабын табамын деп отырып, уақыттың қалай өткенін білмей қаласың. Таным көкжиегімізді біраз кеңейтіп, жақсы әсер алдық, – дейді «ҚТЖ» ҰК» АҚ техникалық орталығы директорының орынбасары Думан Елубек.  

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады