Теміржолшылар арасында «Ана тілім – ардағым» байқауы өтті

Жаңалықтар
15.10.2024, 10:25
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Қазақстан халқының тілдері күні және ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Көпфункционалды қызмет көрсету орталығы» филиалының Мемлекеттік тілді дамыту секторы «Ана тілім – ардағым» байқауын өткізді. Байқау мақсаты – мемлекеттік тіл саясатын насихаттау, мемлекеттік тілдің беделі мен мәртебесін көтеру.

Теміржол саласында алғаш рет өткен аталған байқауға әрқайсысы 5 қызметкерден құралған 17 команда қатысты. Ал оған дейін олар компанияның құрылымдық бөлімшелері мен еншілес ұйымдарының өңірлік деңгейде өткізілген байқауларына қатысып, сол сайыстардан республикалық байқауға іріктеліп алынды.  

Компанияның мәжіліс залын қазақша ән мен жырға бөлеп, ұлттық киімдердің шеруін көрсеткен байқау 5 кезеңнен тұрды. Бірінші кезең «Туған өлкем – қасиетті мекенім» деп аталып, командалар көрермендерге өздерін таныстырды, соның барысында олар топ атын, мүшелерін, ұранын атап қана қоймай, ұжымның жетістіктері, жұмыс орны, облыстың тарихи-мәдени ескерткіштерін слайдтар, бейнероликтер арқылы 3-4 минутта көрсетуге тиіс болды. «Ұлт ұстазы» деп аталған кезеңде олар Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаяны, еңбектері, шығармалары туралы бейнероликтер дайындап, сахналық қойылымдар көрсетті, жазушының өмірбаяны және еңбек жолы бойынша шағын қойылым қойып, өлеңдерін оқыды, сол арқылы еңбектерін таныстырды. Үшінші кезең «Артық болмас білгенің» деп аталды. Мұнда командалар мемлекеттік рәміздер, қазақ халқының салт-дәстүрлері, теміржол көлігінің даму тарихы тақырыптарына арналған сұрақтарға жауап берді. «Капитандар сайысы» кезеңінде қазақтың мақал-мәтелдерін айтып жарысты. Соңғы кезең «Ән-күй шашуға» арналды. Мұнда талантты теміржолшылар өз өнерін жан-жақты көрсетуге мүмкіндік алды.  

Байқауға жеңімпаздарын анықтау үшін құрамына қазақ тілі мен әдебиеті саласындағы білікті өкілдер, «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да мемлекеттік тіл саясатын іске асыруға жауапты қызметкерлер, кәсіподақ ұйымы мен ардагерлер кеңесінің өкілдері кіретін қазылар алқасы төрелік етті. Олар командалардың тапсырмаларды орындау шеберлігіне, сахналық қойылымдардың мазмұны мен оны көрермендерге жеткізу шеберлігіне, сұрақтарға дұрыс және нақты жауап беруіне, тақырыптардың сәйкестігіне, команда мүшелері мен капитандарының сөз саптауына, бейнероликтердің мазмұнының тереңдігі, ауқымдылығы, сапасына назар аударды.  

Байқауды компанияның аппарат басшысы Серік Кеулімжаев сөз сөйлеп ашты. Ол соңғы жылдары компанияда мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу бойынша жұмыстардың қарқын алғанына оң бағасын берді. «Сарыарқа» ұлт аспаптық ансамблінің өнерінен соң сахна төріне командалар шығып, кезегімен өз өнерін көрсетті. Алғаш болып байқауды Шымкент ЖТ бөлімшесінің «Самұрық» тобы бастап, өңір теміржолының жетістіктері мен ерекшеліктерін бейнеролик арқылы таныстырды. Екінші болып «KTZ Express» АҚ-ның «Дарын» тобы өнерін ортаға салды. Одан әрі байқауды Алматы магистральдық желі бөлімшесінің «Теміржол тұлпарлары» тобы, Луговой рельс дәнекерлеу кәсіпорыны мен Шу, Сарышаған белгі беру және байланыс дистанциялары қызметкерлерінен құралған «Тараз тарландары» тобы, «ҚТЖ Жолаушылар локомотивтері» ЖШС мен Сарышаған ШЧ мекемесінің «Локомотив КЗ» тобы, Семей магистральдық желі бөлімшесінің «Абай елі» тобы, Жамбыл ЖТ бөлімшесінің «Бес арыс» тобы, Қызылорда ЖТ бөлімшесінің «Орда» тобы, «Кедентранссервис» АҚ-ның «Ұлы дала» тобы, Ақмола магистральдық желі бөлімшесі «Жалын»тобы, Ақмола ЖТ бөлімшесінің «Оқжетпес» тобы, Шымкент магистральдық желі бөлімшесінің «Тұран» тобы, Қостанай магистральдық желі бөлімшесінің «Ақ жол» тобы, Алматы вагон пайдалану депосының «Алаш» тобы, Қарағанды ЖТ бөлімшесінің «Алашорда» тобы, Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі мен ПЧ-57 мекемесінің қызметкерлерінен құралған «Сыр – Алаштың анасы» тобы, ҚТЖ «Автоматтандыру және цифрландыру дирекциясы» филиалы «Сақ қырандар» тобы жалғастырды.  

Осылайша барлық кезеңдерден сүрінбей өтіп, жоғары нәтиже көрсеткен жамбылдық «Тараз тарландары» тобы қазылар алқасының бағалауымен байқаудың бас жүлдегері деп танылды. Бірінші орынды қызылордалық «Сыр – Алаштың анасы» тобы қанжығаласа, 2-орынды «Абай елі» және «Жалын» топтары еншіледі, ал 3-орынды «Орда», «Ұлы дала», «Оқжетпес» топтары өзара бөлісті. Байқау жеңімпаздары арнайы дипломдармен қоса бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жүлделі орындардан бөлек қалған топтар ынталандыру орындары мен алғыс хаттарға ие болды.  

 

Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді
Жаңалықтар
26.09.2026
Тәжірибелі тәлімгер тағылымы
Қауіпсіздік
26.09.2026
13 бас малды қағып кетті
Аймақтар
26.09.2026
Таразда болашақ теміржолшыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Аймақтар
26.09.2026
Мыңнан астам қызметкер формалық киіммен қамтылды
Әлеумет
26.09.2026
Инклюзия күні: теміржолшылар ерекше балалармен баскетбол алаңында кездесті
Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті