Астанада «Констанца порты – Орта дәліздің Еуропалық хабы» атты конференция өтті

Жаңалықтар
15.10.2024, 16:52
Оқуға 1 мин

2024 жылғы 15 қазанда Астанада «Констанца порты – Орта дәліздің Еуропалық хабы» конференциясы өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz Көлік министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шара Румынияның Қазақстандағы Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Конференцияға ҚР Көлік министрлігінің басшылығы, сондай-ақ көлік және логистика саласындағы бизнес өкілдері қатысты. Конференцияға қатысушылар Румынияның Констанца портының мүмкіндіктерімен танысып, ынтымақтастықты одан әрі нығайту  стратегияларын талқылады.

«Румыния Транскаспий халықаралық көлік бағытының одан әрі дамытуда Қазақстанның маңызды серіктесі. Биылғы жылдың басында «Global Gateway» инвестициялық форумы аясында ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев Румынияға барып, мемлекеттік органдармен және бизнес-қоғамдастықпен кездесті»,  - делінген хабарламада.

Тараптар Транскаспий дәлізін заманауи, мультимодальды және жеткізу мерзімі қысқа әрі тиімді маршрутқа айналдыру жолында белсенді жұмыс істеуде.

Нәтижесінде маршрутта жүк тасымалының оң динамикасы байқалады. Мәселен, биылғы жылдың 9 айында жүк тасымалдау көлемі 69 %-ға ұлғайып, 3,4 млн. тоннаны құрады. Сондай-ақ Қытайдан Еуропаға және кері бағыттағы транзиттік контейнерлік тасымалдар 20 есе өсті (24 мың ДФЭ).

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды