Теміржолшылар жаңа наградалармен марапатталды

Жаңалықтар
25.10.2024, 11:11
Оқуға 3 мин
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Республика күніне орай «ҚТЖ» ҰК» АҚ мәжіліс залында сала теміржолшылары бас қосқан салтанатты мерекелік жиын өтті. Онда ерекше еңбегімен көзге түскен қызметкерлерді ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов және «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев марапаттады. Биылғы жылдың ерекшелігі – Мемлекет басшысының еңбек адамының мәртебесін және жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыру жөніндегі бастамалары шеңберінде теміржолшылар үшін жаңа марапаттардың енгізілгендігі болды.

Атап айтқанда, ҚТЖ корпоративтік наградаларының тізімі «Теміржол даңқы» медалі, «Теміржол саласында 10, 20, 30 жыл қызметі үшін», «Локомотивте апатсыз 500 000 км, 1 000 000 км», «Үздік жас маман», «Үздік теміржол ұжымы» белгісі және тағы басқа құрметті атақтармен толықты. Республика күнін мерекелеу қарсаңында мемлекеттік наградаларға, «Құрметті теміржолшы» белгісіне және басқа да атақтарға магистральдің дамуына елеулі үлес қосқан 4000-нан астам адам ие болды. Олардың қатарында жол монтерлері, байланысшылар, энергетиктер, машинистер, жолсеріктер, қозғалысты қамтамасыз етушілер, вагоншылар, әскерилендірілген теміржол күзет қызметкерлері және сала ардагерлері бар.  

ҚТЖ бүгінде өндірістік және экономикалық көрсеткіштері жағынан жоғары қарқынмен тұрақты даму жолына түсті. Биылғы 9 айдағы жүк айналымы 196 млрд тонна км-ны құрады. Контейнермен транзиттік тасымал көлемі 1 млн-нан астам ЖФЭ болды. Бір мың шақырымнан астам жол жөндеуден өткізілді. Жылжымалы құрамды жаңарту жұмыстары жалғасуда. Ірі инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылуда.  

– Осы жыл біз үшін ерекше. Қазақ жерінде алғашқы теміржолдың салынғанына 120 жыл толды. Бүгінге дейін аянбай еңбек етіп келген ардагерлердің орны бөлек. Биыл Қазақстанның әр өңіріне барып, нысандарды аралап, жұмысшылармен кездестік. Теміржолдың тұрақты дамып келе жатқанына көз жеткіздік. Соңғы 30 жыл ішінде 2,5 мың км теміржол салынды. 2030 жылға дейін біз 5 мың км жолды салып, жаңғыртамыз және 11 мың км жолды жөндеуден өткіземіз. Локомотив паркі де қарқынды түрде жаңартылуда. «Біздің жолдарымыз – темір, ал адамдарымыз – алтын» деген нақыл сөз тараған, бұл сөздің жаны бар. Жоғарыда аталған жұмыстардың бәрі де сіздердің арқаларыңызда жүзеге асырылып отыр. «Бірлік бар жерде тірлік бар» демекші, бірлесе отырып, одан да үлкен жетістіктерге жете берейік, – деді компания басшысы.  

Барлық көрсеткіштер бойынша жоғары нәтиже көрсеткен 13 ұжым «Үздік теміржол ұжымы» атауымен марапатталды.  

Сонымен қатар «Үздік энергетик», «Үздік жол шебері», «Үздік байланысшы», «Үздік жүк тасымалдаушы», «Үздік машинист», «Үздік вагоншы», «Үздік күзетші», «Үздік жолсерік», «Үздік жас маман», «Үздік құрылысшы», «Үздік рационализатор» номинациялары да жекелеген теміржолшыларға берілді.  

Бұрыннан бар «Қозғалыс қауіпсіздігі үшін», «Адал еңбегі үшін», «Кәсібі бойынша үздік» медальдарымен қатар «Теміржол саласында 10 жыл мінсіз қызметі үшін», «Теміржол саласында 20 жыл мінсіз қызметі үшін», «Теміржол саласында 30 жыл мінсіз қызметі үшін» атағымен 3 адам,1 адам «Ерлігі үшін», 12 адам «І дәрежелі Теміржол даңқы» медалімен марапатталды. «Құрметті теміржолшы» белгісін 4, «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік наградасын 4 адам алды. Жаңадан енгізілген және бұрынғы бірқатар марапаттардың қосымша сыйақысы да бар.  

Салтанатты жиын соңы компания қызметкерлері және олардың балаларының қатысуымен өткен мерекелік концертке ұласты.  

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды