Жыл соңына дейін жүк вагондары өндірісін 4 есе өсіру міндеті тұр – министр

Жаңалықтар
29.10.2024, 11:54
Оқуға 2 мин

Темір жол машинасын жасауда 423 млрд теңгеге өнім өндірілді, өсім 1,5 есе. Үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев жыл қорытындысы бойынша жүк вагондары өндірісін 4 есеге – 2 мың бірлікке дейін, жолаушылар вагондарын 122 бірлікке дейін, локомотивтер 130 бірлікке дейін өсуін қамтамасыз ету міндеті тұрғанын айтты, деп хабарлайды Rail-news.kz.  

Wabtec және Alstom компанияларының технологиялары бойынша локомотивтер, сондай-ақ жүк және жолаушылар вагондарының өндірісі жолға қойылған.

«Теміржол машиналарын жасау дамудың үлкен әлеуетін білдіреді. Қазіргі уақытта жылжымалы құрамның жалпы паркі шамамен 139 мың бірлікке жетеді. Орташа тозу – 55%. Осыған байланысты жаңа жобаларды іске қосу жұмыстары жүргізілуде», — деді министр.

Мәселен, биыл «ТексолТранс» компаниясы қуаты жылына 6 мың бірлік жүк вагондары мен цистерналар өндіру бойынша жобаны іске асыруды бастады.  

2025 жылы қуаты жылына 100 бірлік болатын «Штадлер Қазақстан» зауытында жолаушылар вагондарының өндірісі іске қосылады.  

«Семей машина жасау зауыты» жылына 600 бірлік жартылай вагон өндірісін ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізуде.  

«Railcast Systems» бандаж кешенін құру бойынша жоба іске асырылуда, іске қосу мерзімі 2025-2026 жылдар.  

Сондай-ақ 2024 жылдың соңында Қостанай облысында серіппелер шығаратын зауыт іске қосылады деп жоспарлануда.  

2025 жылы «Шығысмашзауыт» цехты жаңғыртуды аяқтауды жоспарлап отыр, бұл орта және ірі вагон құюды импортты алмастыруды қамтамасыз етеді.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды