"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ және "ФинИнвест" ЖШҚ  көліктік-логистикалық компаниялар тобы контейнерлік тасымалдарды және ілеспе терминалдық инфрақұрылымды дамыту саласындағы ынтымақтастық ниеттері туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Rail-news.kz.  

Құжатқа Ресей президенті В. Путиннің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында Астана қаласында қол қойылды.

Тараптар Қазақстан арқылы ресейлік жүктердің транзитін ұлғайтуға мүмкіндік беретін Астана қаласында заманауи мультимодальды көлік-логистикалық орталық салу мүмкіндігін қарастыруда.

Терминалдық инфрақұрылымды дамыту тұрақты халықаралық логистикалық дәлізді құруға ықпал етеді және елдің транзиттік әлеуетін кеңейтуге қосымша серпін береді.  

Анықтама: 

"ФинИнвест" ЖШҚ - Ресей Федерациясында заманауи мультимодальды көлік-логистикалық орталықтары (КЛО) құру бойынша ең ірі жеке инвестор. Жоспарда-жиынтық қуаттылығы шамамен 5,65 млн ЖФЭ болатын 11 КЛО салу.