Бұл Президенттің тапсырмасы бойынша ҚТЖ іске асырып жатқан,  елдің көлік-транзиттік әлеуетін дамыту үшін аса маңызды ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі.

Жетіген-Қазыбек бек  жаңа тармағы Алматы темір жол торабының жүктемесін 40% -ға азайтып, жүктерді жеткізу уақытын 1-2 күнге қысқартады.

Бүгінде бір мезгілде жер төсемі төселіп, көпірлер салынып, су өткізу құбырлары орнатылуда. Жетіген станциясында жер төсемі дайын болғаннан кейін төселетін 60 км рельс-шпалдық торлар жиналды.

Құрылыс нысанында   600-ге жуық адам жұмыс істеуде  және 230-дан астам түрлі техника тартылған.

Құрылыс-монтаж жұмыстарын уақтылы орындау жөніндегі міндеттер белгіленді. Құрылыстың мерзімі мен сапасын қатаң бақылау тапсырылды.