Осы жылдың 6 желтоқсанында Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері жүк пойыздарын тонаған Алматы облысының тұрғындарынан құралған қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Ұсталған кезде күдіктілерден Алматы облысының Құрөзек станциясынан ұрланған тауарлық-материалдық құндылықтардың ірі партиясы тәркіленген.
Тергеу барысында ұсталғандардың басқа да осындай ұрлықтарға қатыстары бар екені анықталды.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.