Пойыз тамбурының әйнегін сындырған мас жолаушы айыппұл арқалады

Жаңалықтар
10.01.2025, 10:47
Оқуға 1 мин

Қандыағаш станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері «Орал-Астана» бағытындағы жолаушылар пойызын патрульдеу кезінде Қостанай облысының 48 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Тексеру барысында алкогольдік ішімдікке сылқия тойып алған азамат тамбур есігінің әйнегін сындырғаны анықталды. Сонымен қатар, құқықбұзушы билік өкілдерінің заңды талаптарына қарсылық танытқан.

Көлік полицейлері жолаушыны Ақтөбе облысы Әйтеке би станциясында акт бойынша пойыздан түсіріп алып, полиция бөлмесіне жеткізді.

«Оған қатысты алкогольдік ішімдіктерді ішкені немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келгені, ұсақ бұзақылық жасағаны, құқық қорғау органы қызметкерінің заңды талабына бағынбағаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылып, материал сотқа жолданды», - делінген Көліктегі полиция департаменті таратқан мәліметте.

Сот шешімімен ер адам кінәлі деп танылып, оған 85 АЕК (334 220 теңге) айыппұл салынды.

2024 жылы түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін акт бойынша жолаушылар пойыздарынан 698 азамат түсірілді, оның ішінде қоғамдық орындарға масаң күйінде келгені үшін 672, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 17.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды