Абай облысында теміржол инфрақұрылымын дамыту қалай жүріп жатыр?

Жаңалықтар / Инфрақұрылым
06.02.2025, 12:37
Оқуға 2 мин

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев болашақта Қазақстан Еуразия құрлығының маңызды көлік хабына айналуы тиіс екенін атап өтті. Осыған байланысты ол теміржол инфрақұрылымын дамытуды жалғастыру және отандық машина жасау саласын жаңғырту қажеттігін айтты.

Абай облысының әкімдігі өңірдегі теміржол желісінің даму барысы әрі өңір іші мен одан тыс жерлерде де ыңғайлы көлік қатынасын қамтамасыз етіліп жатқаны жайлы мәлімдеді.  

Бүгінгі таңда облыстың Семей, Жаңасемей, Аягөз, Шар, Жаңғызтөбе, Үшбиік, Жарма, Ауыл, Белағаш және Таңсық сияқты елді мекендерінде орналасқан 10 вокзал жұмыс істейді.

«2023 жылы көлік қызметтерінің қолжетімділігін арттыру үшін әлеуметтік маңызы бар екі жаңа бағыт іске қосылды. Бір вагонды «Семей – Шар» бағыты аптасына алты рет қатынайды. Билет құны 557 теңге. Ал,екі вагонмен «Ақтоғай – Аягөз» арасына аптасына бес рет жөнелтіледі. Жол ақысы 650 теңге. Бұдан бөлек, туристік бағытқа да ерекше назар аударылады. Жыл сайын жаз маусымында 731 шақырым болатын «Семей – Жалаңашкөл» бағыты бойынша пойыз жүреді. Маңыздысы бұл үш бағытта субсидияланатын санатқа жатады», - делінген хабарламада.

2024 жылдың негізгі жобаларының бірі Семей, Аягөз қалалары мен Ақтоғай кентіндегі теміржол вокзалдарын қайта жаңғыртуға дайындық болды. Биыл «ҚТЖ «ҰК» АҚ, «Абай облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ және «ТехСтройПроект» ЖШС арасында жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге ниетті Меморандумға қол қойылды. Жобаны биыл іске асыру жоспарлануда.

«Абай облысының теміржолы ішкі бағыттарды ғана емес, облысаралық және халықаралық бағыттарды да қамтиды. Қазіргі уақытта Семей-Қызылорда, Павлодар-Алматы, Семей-Маңғыстау, Өскемен-Астана, Өскемен-Алматы, Семей-Алматы, Семей-Астана және Семей-Қарағанды бағыттары бойынша 8 жұп жолаушылар пойызы қатынайды. Сонымен қатар, Новосибирск-Бішкек бағыты бойынша халықаралық пойызы транзитпен облыс арқылы өтеді. Бұл Қазақстанның көрші елдермен көлік байланысын нығайтады», - дейді облыс әкімінің орынбасары Димитрий Гариков.

Өңірдің маңызды инфрақұрылымдық жобасының бір ретінде Бақты-Аягөз аралығындағы Қазақстан-Қытай үшінші шекаралық теміржол өткелінің құрылысы болды. Мемлекет басшысының Жолдауы аясында басталған бұл жоба көлік инфрақұрылымын жақсартуға және халықаралық сауда дәлізін кеңейтуге бағытталған. Жобаны іске асыру үшін Абай облысының әкімдігі ауданы 10 506,3 га жер учаскесін резервке қойды. Оның 5 911,7 га мемлекеттік меншікте болса, 4 594,6 га жеке меншік иелеріне тиесілі. Жер Аягөз, Үржар, Мақаншы аудандарының әкімшілік шекараларында 5 жыл мерзімге сақталады.

Жергілікті тұрғындар үшін жұмыс орындарын ашуға ерекше көңіл бөлінетін болады. Құрылыстың бастапқы кезеңінде жергілікті тұрғындар арасынан жұмыс күшін тарту жоспарлануда. Ал жобаны пайдалану кезеңінде түрлі кәсіп мамандары үшін 1800-ге жуық жұмыс орны құрылатын болады. Нысандарды 2027 жылы пайдалануға беру күтілуде.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды