Грузияның Премьер-министріне еліміздің теміржол тасымалы саласындағы цифрлық шешімдер таныстырылды

Жаңалықтар
06.02.2025, 13:31
Оқуға 1 мин

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидзе «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ кеңсесінде болды, онда грузиялық делегацияға Қазақстанда теміржол саласында енгізіліп жатқан цифрлық шешімдер ұсынылды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

ҚТЖ кеңсесін аралау барысында Грузия Премьер-министрі «Бірыңғай цифрлық терезе» қосымшасының және теміржол көлігіндегі «ақылды» жүйенің жұмысымен танысты. Бұл инновациялық шешімдер рәсімдерді жеңілдетуге, жүк тасымалдау уақытын қысқартуға және теміржол логистикасы саласындағы ашықтықты қамтамасыз етуге бағытталған.

Бүгінде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «Грузин темір жолы» АҚ арасында екі елдің транзиттік ағындары мен экономикасын жандандыруға ықпал ететін серіктестік орнаған. Сонымен қатар Транскаспий халықаралық көлік бағытының мультимодальды қызметін дамыту мақсатында құрылған Middle Corridor Multimodal Ltd. бірлескен кәсіпорны аясында ынтымақтастық орнатылды.

Тараптар порттар мен терминалдардың әлеуетін аша отырып, қолда бар көлік-логистикалық мүмкіндіктерді пайдалану арқылы жүк тасымалы көлемін арттыру жұмысын жандандыру ниетін растады.

Анықтама: 2024 жылы Қазақстаннан Грузияға экспорт 34%-ға, Қазақстан арқылы транзит 2023 жылмен салыстырғанда 40%-ға өсті. 2024 жылы екі ел арасындағы тасымалдау көлемі 4,7 млн тоннаны құрады. Жалпы, соңғы 4 жылда Қазақстан – Грузия бағыты бойынша жүк тасымалы 9 есеге, ТХКБ бойынша – 6 есеге өсті.

 

Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды