ҚТЖ әкімшілік ғимаратта өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізеді

Жаңалықтар
07.02.2025, 11:49

2025 жылғы 7 ақпанда ҚТЖ компаниясының әкімшілік ғимаратында төтенше жағдай кезінде персонал мен жедел қызметтердің іс-қимылдарын пысықтауға бағытталған ауқымды өрт-тактикалық оқу-жаттығу өтеді, деп хабарлайды Rail-news.kz.  

Оқу-жаттығулар Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі (ҚР ТЖМ) Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің арнайы техникасы мен жеке құрамының қатысуымен өтеді.  

Кешенді өрт-тактикалық оқу-жаттығу үш жылда бір рет өткізіледі.  

Іс-шара аясында төтенше жағдай модельденіп, ғимарат қызметкерлерін эвакуациялау жүргізіледі. Оқу-жаттығудың басты мақсаты барлық қатысушылардың ықтимал қауіпсіздік қатерлеріне жедел ден қоюға дайындығын тексеру, сондай-ақ нақты қауіп төнген кезде жедел қызметтер мен ҚТЖ персоналы арасындағы іс-қимылдарды үйлестіруді жетілдіру болып табылады.

Оқу-жаттығу барысында ескерту, анықтау және дабыл беру, автоматты өрт сөндіру, түтін шығару және эвакуациялау жүйелерін қоса алғанда, барлық қауіпсіздік жүйелерінің жұмыс істеуін тексеруге ерекше назар аударылатын болады.

ҚТЖ әкімшілік ғимараты 2009 жылы салынған және елордадағы ең ірі ғимараттардың бірі болып табылады. Оның биіктігі 175,3 метр, ал ауданы 102 мың шаршы метрден асады. Ғимаратқа екі блок кіреді: 40 қабатты А блогы және 37 қабатты В блогы. Онда шамамен 3600 қызметкер жұмыс істейді.

 

Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді
Жаңалықтар
26.09.2026
Тәжірибелі тәлімгер тағылымы
Қауіпсіздік
26.09.2026
13 бас малды қағып кетті
Аймақтар
26.09.2026
Таразда болашақ теміржолшыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Аймақтар
26.09.2026
Мыңнан астам қызметкер формалық киіммен қамтылды
Әлеумет
26.09.2026
Инклюзия күні: теміржолшылар ерекше балалармен баскетбол алаңында кездесті
Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті