Қарағанды облысында теміржол үстімен өтетін жаяу жүргіншілер көпірі салынды

Жаңалықтар
10.02.2025, 09:12
Оқуға 1 мин

Қарағандыда Үлкен Михайловка тұрғындарының көпжылдық проблемасы шешілді. Мұнда қауіпсіз және ыңғайлы темір жол өткелі салынды, деп хабарлайды Rail-news.kz.  

Бұған дейін ересектер мен балалар оқуға немесе жұмысқа, дүкенге немесе дәріханаға бару үшін күн сайын өмірін қауіпке тігіп, теміржолмен өтуге тура келетін.

Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Қарағанды қаласында қауіпсіз және инклюзивті орта қалыптастыру үшін берілген тапсырмалардың орындалуын тексерді.

Алдымен ол Үлкен Михайловкадағы жаңа көпірді қарап қайтты. Оның ұзындығы шамамен 71 метр. Мүгедектігі бар адамдар мен баспалдақпен жүре алмайтын адамдар үшін лифтілер орнатылды. Жоба бойынша ашық өткел көзделген еді, бірақ түзетулер енгізіліп, шатыр жасалды. Өткен жылдың соңында нысан пайдалануға берілді және станса ауданында тұратын мыңға жуық адам оны пайдалануда.

Құрылыспен «Темір-Арқа» мердігерлік ұйымы айналысқан.  

Кәсіпорын басшысы Марат Әбілқайыровтың айтуынша, құрылыс бірегей: көпірді екі тірек ұстап тұр. Магистраль жұмыс істеп тұрғандықтан, пойыздардың қозғалысы тоқтамағандықтан, құрылыс күрделі жағдайларда жүргізілді.

«Үлкен Михайловка тұрғындары темір жолдан өту мәселесін көтергеніне біраз болды. Бұл өте қауіпті учаске. Жаяу жүргіншілер көпірі жасалды. Осылайша біз адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз еттік», – деді Ермағанбет Бөлекпаев.

Ол тәртіпті қадағалау және қандай да бір нысанның бүлінуіне жол бермеу үшін бейнебақылау орнатуды тапсырды.

 

Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды