Пойызда мас жолаушы полицейлерге қарсылық танытты

Жаңалықтар
12.02.2025, 10:32
Оқуға 1 мин

Солтүстік Қазақстан облысы Булаев станциясындағы желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері «Есілкөл-Петропавл» бағытындағы электр пойызынан мас жолаушыны ұстап, түсіріп алды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Көлік полицейлері тексеру барысында 53 жастағы облыс тұрғынын анықтады. Масаң күйде болған ер адам, балағат сөздер айтып, жолаушылардың тыныштығын бұзған, сондай-ақ құқық қорғау органы қызметкерінің заңды талаптарына қарсылық танытқан.

Құқықбұзушыға қатысты алкогольдік ішімдіктер ішкені немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келгені, ұсақ бұзақылық жасағаны және құқық қорғау органы қызметкерінің заңды өкіміне немесе талабына бағынбағаны үшін 5 АЕК (19 660 теңге) мөлшерінде айыппұл салумен әкімшілік хаттама толтырылды.

Ұсақ бұзақылық пен бағынбау бойынша іс шешім қабылдау үшін сотқа жолданды. Естеріңізге сала кетейік, осы баптар бойынша құқық бұзушыға он бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынуы мүмкін.

Анықтама үшін: жыл басынан бері Көліктегі ПД қызметкерлері түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 10088 құқық бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тартты. Оның ішінде, белгіленбеген жерден темір жолды кесіп өткені үшін 5563, алкогольге қарсы заңнаманы бұзғаны үшін 725, қоғамдық орындарда мазасын алып тиіскені үшін 655, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 66, сондай-ақ темекі шегуге тыйым салуды бұзғаны үшін 316 тұлға.

 

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды